Get Mystery Box with random crypto!

Ерке Есмаханға арналған RaiM-ның әндері Жеке өмірі қызу талқ | Gakku TV

Ерке Есмаханға арналған RaiM-ның әндері

Жеке өмірі қызу талқыға түскен Ерке Есмахан күні кеше RaiM екеуінің алғашқы фотоларымен бөлісті. Екі ғашық 2018 жылы танысыпты. “Сезім осы сәттен бастау алған еді. Бұл қызыққа, сынаққа толы махаббат туралы алда айтып берейін ба?”,-деп жазды Ерке инста парақшасында.

Сонымен қатар, Есмахан қызық ақпаратпен бөлісті. RaiM-ның көптеген әндері қазіргі жарына арналыпты. “Мен үндемесем де Райм бәрін әнмен сіздерге жеткізді”,-дейді Ерке.

Еркенің айтуынша, “O2”, “Шам”, “4 Дөңгелек”, “Бестселлер” альбомындағы әндердің адресаты өзі. Оған қоса, некеге апарар жол көп адастырғанын айтты. Дәл “Дем” трегіндегі өлең жолдарындай. RaiM музасы барда талай ән арнайтын сияқты. Релиз күтесіздер ме?