Get Mystery Box with random crypto!

Жанар Дұғалова түскен фильмнің тұсауы кесілді Жанар Дұғалован | Gakku TV

Жанар Дұғалова түскен фильмнің тұсауы кесілді

Жанар Дұғалованың тыңдармандары әншінің релиздерін ұзақ күтіп қалғаны анық. Фильммен оралуды жөн көрген сияқты. Нақтырақ айтсақ, “Умри или вспомни” деп аталатын картинада әнші басты рөлді сомдап шықты. Және күні кеше туындының тұсауы кесілді.

Фильмнің режиссері Ернар Нұрғалиев, продюсері Жандос Айбасов. Картинаның сюжеті бойынша қарызға батып кеткен Ес Айка атты кейіпкерді жолықтырады. Арудың рөлін Жанар сомдайды. Белгілі себептерге байланысты Айка есте сақтау қабілетінен айырылады. Бейтаныс адамнан өзін кім екенін есіне түсіруге көмектесуін сұрайды. Осы тақырып желісінде оқиға өрбиді.

Рөлді алып шығу Дұғаловаға қиынға соқпаған. Дегенмен, түсірілімнің түнде өтуі барлығына қолайсыздық тудырыпты.

Айтпақшы, кинолентаның операторы Нұрсұлтан Базарбай. Ninety One, Jah Khalib сынды әртістердің бейнебаяндарын түсірген талантты жігіт.

Олай болса, сүйікті әншіңізді үлкен экраннан көре аласыз. Тамашалап, өз ойыңызды қалдыруды ұмытпаңыз!