Get Mystery Box with random crypto!

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

Telegram арнасының логотипі furqan_qm — FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹 F
Telegram арнасының логотипі furqan_qm — FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹
Арна мекенжайы: @furqan_qm
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.01K
Арнадан сипаттама

Әйел жамағатына арналған үздіксіз Құранмен шұғылдану алаңы📖📖📖
🌺
Құранды үздіксіз жаттау тәсілдері📖
🌺
Құран жаттаған ізгілердің өмірінен үзінді 📖
🌺
Шабыттандыратын видеороликтер📖
🌺
Құнды ақпараттар📖
🌺
Әйел жамағатына бағытталған тақырыптар
🌺

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-07-13 06:26:10
ӘЛ - АҒРАФ СҮРЕСІ - 159 КҮН

159 бет

Құран оқушы: Айман Сувейд
40 views03:26
Ашу / Түсініктеме
2022-07-12 17:46:45
Әл – Әджири (Алла оған разы болсын):

«Кім де кім Алла Тағаланың аяттарына ой жүгіртсе еш күмәнсіз Алла Тағаланың Ұлылығы мен Құдіретін сезінеді. Оның билігінің толық әрі құдыретті екенін, иман келтіргендерге деген шексіз мейірімін көріп, ғибадат қылуға лайықты тәңірге мойынсұну міндет екенін ұғынады. Сол шақта ол Алла алдындағы өз хақын орындауға ұмтылып Алланың тыйғанынан қашықтап, рұқсат еткен амалдарын ретке келтіруге тырысады.

Егер адамда Құран оқыған кезде немесе тыңдаған кезде осындай сезімдер болса онда Құраны оның шипасына айналады. Ондай адам байлықсыз байды, ол билігі бар туысқандарысыз – ақ билікке жетеді, ол жалғыз болсада жалғызсырамайды

#Құранескерту
83 views14:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 07:30:36
Шариғат ілімін оқып жүріп немесе жұмыс істеп, Құранды толық пысық жаттағысы келетін адамға арналған сөз:

"قلل من المقدار وأكثر من التكرار وحافظ على الاستمرار وداوم على الاستغفار"

“Көлемді азайт, қайталауды көбейт, тоқтамай жалғастыр, истиғфарды үнемі айтып жүр”.

#Құранескерту
42 views04:30
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 07:24:42
ӘЛ - ӘНҒАМ СҮРЕСІ - 156 КҮН

156 бет

Құран оқушы: Айман Сувейд
40 views04:24
Ашу / Түсініктеме
2022-07-11 07:23:42
41 views04:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 06:20:28
ӘЛ - ӘНҒАМ СҮРЕСІ - 155 КҮН

155 бет

Құран оқушы: Айман Сувейд
64 views03:20
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 06:18:21 Құранды мықынның тұсында не болмаса одан төмен жерде сөмкеге немесе пакетке салуға рұқсат, бұл күнә емес, тек бұл Құранды құрметтемеуден тумаса болды. Сондай-ақ, оңай алу үшін, Құранды ортаңғы немесе төменгі сөреге қойғанда тұрған еш әбестік жоқ.

Алайда ислам мәдениетінде Құранды кеуде тұста ұстау әрі бөлменің ең биік жеріне қою салты таралған. Осылайша адамдар өздерінің Құранға деген құрметін көрсетеді.

Әрине, Құранға мұндай құрметпен қарау адамның тақуалық дәрежесін көрсетеді. Осылай бола тұрса да, Құранға деген мұндай құрмет діни бұйрық болып табылмайды. Мұндай қарым-қатынасты келесі аятта көрсетілген амалға сай деп бағалауға болады: «Міне осы. Кім Алланың белгілерін ұлықтаса; күдіксіз ол, жүректің тақуалығынан» (22:32). Алайда Құранға мұндай құрмет көрсетпейтіндерді, Құранға құрмет көрсетпедің деп айыптауға болмайды.

Сөзсіз, Құранға құрметпен қарау керек. Алайда Құранға құрмет көрсету — оны биікке қою немесе кеуде тұста ұстаумен ғана шектелмеу қажет.  Құранды оқу, Алла Тағаланың айтқандарын түсіну, бұйырғандарын орындап, ал тыйғандарынан тыйылу — Құранға деген шынайы құрмет болып табылады.

Егер біз осының бәрін жасап жүрсек, онда Құранға лайықты түрде құрмет көрсетудеміз деп айтуға болады.

#Құранескерту
65 views03:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-10 06:18:15
59 views03:18
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 09:23:01
ӘЛ - ӘНҒАМ СҮРЕСІ - 154 КҮН

154 бет

Құран оқушы: Айман Сувейд
20 views06:23
Ашу / Түсініктеме
2022-07-09 09:21:24
Аят» сөзі араб тілінде «муғжиза», «ишарат», «анық белгі», «дәлел», «ғибрат» деген бірнеше мағыналарды білдіреді. Осы сөздіңҚұран Кәрімде келген мағыналарына тоқтала кетейік:⠀

«Мұғжиза» мағынасында: «Исрайыл ұрпақтарынан сұра! Оларға қаншама анық аяттар (мұғжиза) бердік» (Бақара сүресі, 211-аят).⠀

«Дәлел», «айғақ» мағынасында: «Көктер мен жердің жаратылуында, түн мен күннің алмасуында сөзсіз көкірек көзі ояу жандар үшін аяттар (дәлелдер) бар» (Әли Имран сүресі, 190-аят).⠀

«Ғибрат» мағынасында: «Сенен кейінгілерге аят (ғибрат) болуы үшін бүгін денеңді құтқарамыз» (Юунус сүресі, 92-аят). «Расында, мұнда бір аят (ғибрат) бар. Бірақ сонда да басым көпшілігі сенбейді» (Шұғара сүресі, 174-аят).⠀

«Белгі» мағынасында: «Оның патшалығының аяты (белгісі) – Раббыларың тарапынан, көңілге тоқтау болатын сандықтың келуі» (Бақара сүресі, 248-аят).
23 views06:21
Ашу / Түсініктеме