Get Mystery Box with random crypto!

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

Telegram арнасының логотипі furqan_qm — FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹 F
Telegram арнасының логотипі furqan_qm — FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹
Арна мекенжайы: @furqan_qm
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.01K
Арнадан сипаттама

Әйел жамағатына арналған үздіксіз Құранмен шұғылдану алаңы📖📖📖
🌺
Құранды үздіксіз жаттау тәсілдері📖
🌺
Құран жаттаған ізгілердің өмірінен үзінді 📖
🌺
Шабыттандыратын видеороликтер📖
🌺
Құнды ақпараттар📖
🌺
Әйел жамағатына бағытталған тақырыптар
🌺

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 6

2022-07-18 05:34:51 Жаз мезгілінде Құран жаттауыңыз, хатым етуіңіз қалай болып жатыр?
27 views02:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 15:01:39
ӘЛ - АҒРАФ СҮРЕСІ - 163 КҮН

163 бет

Құран оқушы: Айман Сувейд
72 views12:01
Ашу / Түсініктеме
2022-07-17 14:58:55
ҚҰРАН ИЕЛЕРІ МЕН ҚҰРАН ЖАТТАУШЫНЫҢ СИПАТЫ ҚАНДАЙ

Сахабалардың ішінде ерекше құрметке ие болған білім иелерінің бірі Абдулла ибн Масғұд Құран жаттаушы - Құран иелері жайлы былай дейді:

"ҚҰРАН иелерін түндерінен танисың, ол кезде адамдар ұйықтап жатады, күндіздерінен танисың, ол кезде адамдар ауыздары ашық болады, оларды мұңдарынан танисың, адамдар ол кезде мәз - мейрам болып жүреді, оларды жылауларынан танисың, адамдар ол кезде күлкіде жүреді, оларды үндемеулерінен танисың, адамдар ол кезде бос сөзбен айналысып жатады, оларды қорқуларынан танисың. ҚҰРАН ИЕСІ ЕЗІЛІП ТҰРАТЫН ЖҰМСАҚ БОЛУЫ КЕРЕК: ОҒАН ҚАТІГЕЗДІК, ЖАУЫЗДЫҚ, ҚАТАЛДЫҚ, ДӨРЕКІЛІК, ДАУЫСЫНЫҢ ҚАТТЫ ШЫҒУЫ ӘСТЕ ЖАРАСПАЙДЫ " - деген екен.

#Құранескерту
75 views11:58
Ашу / Түсініктеме
2022-07-16 05:08:29
ӘЛ АҒРАФ СҮРЕСІ - 162 КҮН

162 бет

Құран оқушы: Айман Сувейд
117 views02:08
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 20:00:53
ЗІКІРЛЕРДІҢ ҰЛЫСЫ

Аллаһ Тағала: «Ей, иман келтіргендер! Аллаһты көп зікір етумен еске алыңдар!» (Әхзаб, 33/41-42), – деді.
Сондай-ақ: «Мені зікір етіңдер, Мен сендерді зікір етем, Маған шүкір етіңдер, күпірлік етпеңдер», – деп (Бақара, 2/152), Оны зікір етуді берілген игіліктерге жасалған ең үлкен шүкір деп бағалады.

«Аллаһты зікір ету» дегеніміз – Оны еске алу сөздерін тілмен айтып, Оның ұлықтығын, Оған деген махаббатты және Одан үміт ететінін жүректе еске алу. Аллаһты зікір етудің сауабы осы мағыналарды жүректе еске алу деңгейіне қарай жазылады. Зікір арқылы жүректер тіріліп, кеуделер ашылады.

АЛ ЗІКІРЛЕРДІҢ ҰЛЫСЫ - ҚҰРАН ОҚУ.
Себебі, Құран - Алла Тағаланың сөзі: Ең таза, Ең ұлы, Ең шынайы ... Аллаға Өзінің сөздері арқылы жақындау, Алланың сөздерін жақсы көру, ой жүгірту - ҰЛЫ ҚҰЛШЫЛЫҚ
.
43 views17:00
Ашу / Түсініктеме
2022-07-15 10:40:31
ӘЛ - АҒРАФ СҮРЕСІ - 161 КҮН

161 бет

Құран оқушы: Айман Сувейд
39 views07:40
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 20:02:44
Әл - Фатр:31

وَٱلَّذِىٓ أَوْحَيْنَآ إِلَيْكَ مِنَ ٱلْكِتَـٰبِ هُوَ ٱلْحَقُّ مُصَدِّقًا لِّمَا بَيْنَ يَدَيْهِۗ إِنَّ ٱللَّهَ بِعِبَادِهِۦ لَخَبِيرٌۢ بَصِيرٌ

(Уа, Мұхаммед!) Саған Біз уахи еткен осынау Кітап – тұнып тұрған таза ақиқат һәм өзінен бұрын түскен иләһи кітаптарды (тұнығы лайланбаған қалпында) растаушы. Шүбәсіз, Алла құлдарының жай-күйінен толық хабардар және оларды әркез көріп бақылап тұрушы.

#Құранескерту
37 views17:02
Ашу / Түсініктеме
2022-07-14 16:33:31
ӘЛ - АҒРАФ СҮРЕСІ - 160 КҮН

160 бет

Құран оқушы: Айман Сувейд
57 views13:33
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 15:15:20 жоғарыдағы Құран аяттарынан не байқадыңыз?
62 views12:15
Ашу / Түсініктеме
2022-07-13 15:14:39 (Һуд сүресі)
Әлиф, Ләм, Ра. Бұл (Құран) – аяттары кемеліне жеткізілген, содан кейін толық әрі жан-жақты баяндалып, Хаким (асқан даналық иесі), Хабир (бәрінен хабардар) Алладан келген кітап.

(Юсуф сүресі)
Әлиф, Ләм, Ра. Бұл сөздер – ақиқатты баяндайтын, (Хақтан келгені) айқын Кітаптың аяттары.

(Рағд сүресі)
Әлиф, Ләм, Мим, Ра. (Құранның ішіндегі және осы сүредегі барлық) сөздер саған түскен Кітаптың аяттары. Саған Раббыңнан түскен (бұл Құран) ақиқаттың нақ өзі. Алайда адамдардың көбі бәрібір иман етпейді.

(Ибраһим сүресі)
Әлиф, Ләм, Ра. (Уа, Мұхаммед!) Бұл – пенделерді Раббыларының қалауымен тас қараңғы түнектерден жарық нұрға және Азиз (ең ұлы, шексіз үстемдік иесі), Хамид (мақтауға, мадаққа әбден лайық) Алланың жолына шығаруың үшін өзіңе түсірген кітабымыз.

(Хижр сүресі)
Әлиф, Ләм, Ра. Бұл сөздер – Кітаптың, ақиқатты баяндайтын айқын да қасиетті Құранның аяттары.

(Шу'ара сүресі)
Та, Сиин, Мим. Бұлар ақиқатты ашып түсіндіретін һәм Хақтан келгендігі ап-айқын Кітаптың аяттары.

(Нәмл сүресі)

Та, Син. Бұлар Құранның, ақиқатты ашып түсіндіретін һәм Хақтан келгендігі бұлтартпас ап-айқын Кітаптың аяттары.

(Қасас сүресі)
Та, Сиин, Мим. Бұлар ақиқатты ашық баяндайтын һәм Хақтан келгендігі ап-айқын Кітаптың аяттары.

(Лұқман сүресі)
Әлиф, Ләм, Мим.
Бұлар бастан-аяқ хикметке, даналыққа толы Кітаптың аяттары.

(Сәжде сүресі)
Әлиф, Ләм, Мим.
Бұл – әлемдердің Раббысынан бірте-бірте түскендігінде (һәм бастан-аяқ ақиқат екендігінде) титтей де шүбә жоқ Кітап.

(Йасин сүресі)
Иә, Син. (Уа, Мұхаммед!) Хикметке толы Құранға серт!
67 views12:14
Ашу / Түсініктеме