Get Mystery Box with random crypto!

2023 жыл басынан бастап «Даму» Қорының қолдауымен Қазақстан б | Фонд «Даму»

2023 жыл басынан бастап «Даму» Қорының қолдауымен Қазақстан бойынша жалпы құны 78,4 млрд теңгеден асатын 153 жоба пайдалануға берілді. Бұл - 3 548 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Компаниялар инвестиция үшін - құрылыс, қайта жаңарту, өндіріс процесін жаңғырту және жабдық сатып алуға қаржы алған.

Биыл пайдалануға берілген әр жоба өзінше бірегей және импорт алмастыру үлесін арттыру және ішкі нарықты отандық өніммен толтыру, мемлекет бюджетіне салық түсімін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу сияқты әлеуметтік-экономикалық әсері мол.

Мәселен, Ақмола облысында «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында қуаты 30 мегаватт жел электр станциясы салынып, пайдалануға берілді. Ақмола облысының желді даласы құрылыс үшін арнайы таңдалды. Жобаның бірегейлігі мынада: жел электр станциясын орнату парниктік газдар шығарындыларының азаюына, көмірсутек отынын жұмсамай жылына сағатына 172 млн киловаттан астам көлемде электр энергиясын өндіруге алып келеді. Соның арқасында 60 мыңнан астам тонна көмір үнемдейді және аймақтағы электр энергиясын үздіксіз етеді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қолдау тапқан Ақмола облысының тағы бір өндірушісі — макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорын болды. Компания қолда бар әлеует пен жаңа технологияларды пайдалана отырып, ЕО, Азия және Ресейге экспорттау мақсатында дәнді дақылдар мен өсімдік майын, торт, семолин, макарон өнімдерін өндіруді ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл жобаның артықшылығы - компания еуропалық сапалы макарон өнімдерін шығаруға арналған қатты бидай семолинінің жалғыз отандық өндірушісі екендігінде.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында шыныдан жасалған конструкцияларды өндіруге және өңдейтін зауыт салынды. Кәсіпорынның жалпы ауданы 7,8 мың м2 құрайды, жабдықтың максимал өндірістік қуаты - жылына 800 мың м2 дайын өнім шығаруға жетеді. Кәсіпорын 127 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша кәріз жүйелері, сумен жабдықтауға өажет құбырлар мен бұйымдар өндіруге маманданған зауыт жабдықтар сатып алды. Жаңа жабдық зауытқа тек Қазақстанда ғана емес, таяу шетелде де сатылатын полимер материалдардан жасалған кәріз құбыры, екі қабатталған гофр құбырлар өндірісін іске қосуға мүмкіндік берді. Гофр құбырлар салмағы аз, ыңғайлы және тез орнатылатындығымен ерекшеленеді, олар арнайы жабдықты қажет етпейді. Сонымен қатар, отандық гофр құбырлардың бағасы шетелдік аналогтарға қарағанда төмен.

Егер 2023 жылы пайдалануға берілген жаңа жобалардың ең көп саны шоғырланған облыстарды қарастыратын болсақ, онда Қазақстанның оңтүстік өңірлері көш бастап тұр - Шымкент қаласында - 20%, Алматы қаласында - 19%, Түркістан облысында - 17% және басқа өңірлерде-44%.

Салалар бойынша «Даму» Қоры жыл басынан бері қолдаған, пайдалануға берілген объектілердің жалпы санының 23%- ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, одан кейін туризм саласы - 15%, инфрақұрылымды дамыту - 12%, білім беру - 12%, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету - 10%, басқа салалар - 28%.