Get Mystery Box with random crypto!

#Филиалы_Даму айдарының бүгінгі санында Батыс Қазақстан өңірі | Фонд «Даму»

#Филиалы_Даму айдарының бүгінгі санында Батыс Қазақстан өңірімен таныстырмақпыз. Бұл облыстағы филиал директоры – Балғын Оразова.

Балғын Саянқызы «Даму» Қорында 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алдымен Солтүстік Қазақстан облысында субсидия және кепілдік беру бойынша бас менеджер болып еңбек жолын бастаған. 2021 жылы Павлодар облысы бойынша өңірлік филиалға директордың орынбасары ретінде ауысты. Ал Батыс Қазақстан филиалын 2022 жылдан бері басқарады. Осы жылдар ішінде Балғын Оразова өзі еңбек еткен филиалдар рейтингін көтеруге ұдайы үлес қосып келді. Қордың субсидия берудегі ең үздік қызметкері атанып, Қор мен өңір басшылығының, қаржы институттарының алғыс хаттарына ие болып, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының «Үздік қаржыгер» медалімен марапатталған.

Батыс Қазақстан облыстық филиалы кәсіпкерлерге негізінен «Ұлттық жоба» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында қолдау көрсетеді. Атап айтқанда осы бағдарламалардың арқасында ШОБ өкілдері несиесінің пайызын азайтып, банк талап кеткен кепілзаты жеткіліксіз болған жағдайда ішінара кепілдік ала алады.

Облыста бизнесте көш бастап тұрған салалар: көлік және қойма қызметі, өңдеу өнеркәсібі, білім беру мен денсаулық сақтау саласы.

Биыл 1 маусымға дейін несие сомасы 312,3 млрд теңге болатын 5 685 жоба субсидия алып, несие сомасы 26 млрд теңгеден асатын 2 697 жобаға кепілдік берілген.

«Даму» Қорының БҚО бойынша филиалы: Орал қаласы, Т. Масин көшесі, 67/2 мекенжайында орналасқан. Анықтама телефоны: +7 (7112) 554 808, 554 805
Колл-орталық: 1408