Get Mystery Box with random crypto!

Асхана | Рецепт | Торт | Салат

Telegram арнасының логотипі foods_kz — Асхана | Рецепт | Торт | Салат А
Telegram арнасының логотипі foods_kz — Асхана | Рецепт | Торт | Салат
Арна мекенжайы: @foods_kz
Санаттар: Тамақ
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 18.98K
Арнадан сипаттама

‼️Жарнама үшін біз жауапкершілікті мойнымызға алмаймыз, оған сену-сенбеу –сіздердің таңдауыңыз‼️
Жеңіл рецепттер күн сайын 😋🍒
Ана мен бала денсаулығы: @anagakenes ❤️
Жарнама/Сұрақтар бойынша: @balbraun

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 15

2021-11-02 20:01:13
СҰЛЫ ТОҚАШЫ (овсяное печенье)
OAT COOKIES
English below

Лүпілдеріңізді аяп қалмаңыздар

Осы күлшені қатты жақсы көрем, әсіресе босанғаннан кейін шәйға батырыыыыып отырып жейтін едім ммм. Мында келіп таппай қалдым ғой, ай Қазақстаным ай деп . Өзім пісіруге тура келді, балалар да сағынып қалыпты гүрсітіп (Атырауша сөз) жеп жүр.

Құрамы:
Жұмыртқа (Яйца ) - 2шт.
Қоңыр шекер (Коричневый сахар) - 200гр.
Сары май (Сливочное масло) - 100гр.
Сұлы ұны (Овсяная мука) - 180гр
Ұн кәдімгі ( пшеничная мука) - 180гр
Қопсытқыш (Разрыхлитель) - 1ч.л.
Дайындалуы видеодан түсінікті ме?
3.4K views FOODS_KZ , 17:01
Ашу / Түсініктеме
2021-10-31 12:40:24
ІРІМШІК ҚОСЫЛҒАН КЕКС

Лүпілдеріңізді басып жіберіңіздер

Ерекше дәмді, әрі тез дайын болатын ірімшікті кексті қабыл алыңыздар . Қаймақты айранға алмастырсаңыздар болады. ПП ұстап жүрген қыздар, тек ұнды өзгертесіздер.

Құрамы:
Қаймақ (Сметана 10% ) - 250 г
Жұмыртқа (Яйца) - 2 дана
Ұн (Мука) - 150 г
Қопсытқыш (Разрыхлитель) - 1 ч.л.
Ірімшік (Сыр) - 150 г
Аскөк (Зелень по желанию)

- аралығында бағалап жіберіңіздер .
Moldir rysbai
2.4K views FOODS_KZ , 09:40
Ашу / Түсініктеме
2021-10-30 16:20:52
ТАҢҒЫ АС НЕМЕСЕ ТІСКЕ БАСАР

лүпілдеріңізді аяп қалмаңыздар

Өте дәмді таңғы астардың бірі, мини пицца сияқты ерекше .

Қрамы:
Лаваш
Жұмыртқа (яйца) - 1 дана
Ірімшік (сыр)
Қызанақ
Тұз
Су

Дайындалуы видеодан түсінікті деп ойлаймын!

Ас болсын!

Moldir rysbai
2.3K views FOODS_KZ , 13:20
Ашу / Түсініктеме
2021-10-29 18:44:10
ТВОРОЖНО - ТЫКВЕННАЯ ЗАПЕКАНКА
Cottage Cheese with pumpkin
ENGLISH BELOW

Видео оқырмандарыма түгел көріну үшін лайк баса салыңыздаршы

Чизкейкке ұқсайтын өте дәмді запеканка . Негізі зебра пирогы сияқты алақ-жқлақ болып шығу керек еді, жұмыртқаны шатастырып алдым, сүзбеге 3, асқабаққа 2 жұмыртқа қосасыздар (мен керісінше істегем). Айта кететін тағы бір жайт, бал орнына қант қосасыздар (70 граммнан екеуіне де). ПП-да жүрген қыздар ұнды өзгертесіздер, өздеріңіздің ұндарыңызды қосасыздар .

Сүзбе қоспасына:
Сүзбе (творог) - 600гр
Жұмыртқа (яйца) - 3 дана
Бал (мёд)- 2 ас қасық немесе шекер (сахар 70гр)
Ұн (мука) - 2 ас қасық (ст.л)
Бір салым (щепотка) - ванилин

Асқабақ қоспасы:
Асқабақ піскен (тыква) - 350гр
Ұн (мука) - 2 ас қасық (ст.л)
Жұмыртқа (яйца) - 2 дана
Бал (мёд) - 2 ас қасық немесе қант 70гр (сахар)

Дайындалуы:
Асқабақты пеште пісіріп аламыз, екеуін де блендермен араластырамыз. Видеода барлығы көрсетілген!
180С, 50-60мин

- арасында бағалап қойыңыздар

Moldir rysbai
3.6K views FOODS_KZ , 15:44
Ашу / Түсініктеме
2021-10-29 15:27:20
ТАҢҒЫ АС

лүпілдеріңізді аяп қалмаңыздар

ЛАВАШ ішінде жұмыртқа мен ірімшік . Өте дәмді таңғы астардың бірі, ішіндегі салмасын қалауларыңызша алмастырсаңыздар болады. Мини пицца сияқты өзі, ерекше .

Қрамы:
Лаваш
Жұмыртқа
Ірімшік
Тұз, бұрыш

Дайындалуы видеодан түсінікті деп ойлаймын, оттың астын жәйлатып қоясыздар.

Ас болсын!

- аралығында бағалап қойыңыздар!
Moldir rysbai
3.8K views FOODS_KZ , 12:27
Ашу / Түсініктеме
2021-10-28 15:05:18
КЕТО ЗИЯНСЫЗ НАН

Анда-санда ПП (Дұрыс тамақтану) мәзірлерін салып тұрайын, айып етпесеңіздер . Өйткені ДТ жүрген қыздар баршылық, соларға пайдам тисін. Бұл НАНды жұмыстағы бір қыздан көрдім (негізі әйел ғой 48-де, тілім бармайды олай айтуға, 25 жастағы қыз сияқты ). Жап-жас көрінуінің себебін сұрадым, сөйтсем апам ДҰРЫС ТАМАҚТАНАДЫ екен. Не болса соны жей бермейді, аптасына 1 немесе 2 күн ашығады, яғни асқазанын демалдырады тек су және сорпа ішіп (сорпаның тек суын ішеді). Даладан нан алмайды, тек осы нанды пісіріп жейді үйден.

Құрамы:
Жұмыртқа (яйца) - 5 дана
Сары май (сливочное масло) - 2 ас қасық (ст.л)
Бадам ұны (миндальная мука) - 230 -240гр
Қопсытқыш (разрыхлитель теста) - 1 шәй.қ (ч.л)
Семена чиа - 2 ас қасық (ст.л)
Қаймақ (сметана) - 1 ас қасық (ст.л)

Дайындалуы:
Жұмыртқаны миксермен көтеріп аламыз
Үстіне майды ерітіп саламыз
Чиа семенасы маңызды емес, қоспасаңыздар да болады
Бадам ұнын қолдан жасауға болады үйде, мидальды алып блендермен езесіздер
180С 25-30мин
4.8K views FOODS_KZ , 12:05
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 18:45:58 Асхана | Рецепт | Торт | Салат pinned «Жарнама/Сұрақтар бойынша: @balbraun »
15:45
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 18:45:43 Жарнама/Сұрақтар бойынша: @balbraun
20.4K views , 15:45
Ашу / Түсініктеме
2021-10-27 17:47:19
ФРИКАДЕЛЬКИ В ДУХОВКЕ
.⠀
Лүпілдеріңізге рахмет

ПЕШТЕ ПІСКЕН ДОМАЛАҚ ЕТТЕР бола ма қазақшасы? Қалай әдемі аударсақ екен ...
Көмекшіме жәйлааап өзіміздің тағамдарды үйретіп жатырмын , тауықтан шаршап кеттік қой . Күнде тауық пісіреді екен, тез пісетіні үшін шығар, сосын өзі кешке дейін күріш жейді таңғы, түскі, кешкі асқа .

Еттің құрамы:
Тартылған ет (фарш)
Қарақұмық (гречка)
Пияз (лук) - 1 дана
Тұз
Бұрыш
Жұмыртқа (яйца) - 1 дана
Барлығы көз мөлшермен

Тұздық (для заливки):
Пияз (лук)
Сәбіз (морковь)
Тұз, бұрыш (соль, перец)
Қызанақ пастасы (томат) -1 ас қасық
Қаймақ (сметана) - 2 ас қасық
Укроп

- аралығында бағалап қойыңыздар
Moldir rysbai
2.2K views FOODS_KZ , 14:47
Ашу / Түсініктеме
2021-10-26 15:47:34
"КРОШКИ КАРТОШКИ"

Лайк Лайк Лайк

Бұл тағамды бұрын соңды жасап көрдіңіздер ма?
Жалпы әртүрлі салмамен жасай бересіздер, қатып қалған қағида жоқ.

Құрамы:
Картоп - бір порцияға 2 дана
Фольгаға орап пеште пісіріп аламыз

Салмасы:
Ет
Тұздалған қияр
Қаймақ

Етті қуырып пісіреміз тұздап, қиярды ұзыншалап тураймыз да үстіне қаймақ саламыз.

Салманың тағы бір түрі:
Селедка
Жуа (пияз, лук)
Тұздалған қияр
Укроп (ақжелкен).
- аралығында бағалап жіберіңіздер
Moldir rysbai
20.1K views FOODS_KZ , 12:47
Ашу / Түсініктеме