Get Mystery Box with random crypto!

Асхана | Рецепт | Торт | Салат

Telegram арнасының логотипі foods_kz — Асхана | Рецепт | Торт | Салат А
Telegram арнасының логотипі foods_kz — Асхана | Рецепт | Торт | Салат
Арна мекенжайы: @foods_kz
Санаттар: Тамақ
Тіл: қазақ
ел: Қазақстан
Жазылушылар: 18.98K
Арнадан сипаттама

‼️Жарнама үшін біз жауапкершілікті мойнымызға алмаймыз, оған сену-сенбеу –сіздердің таңдауыңыз‼️
Жеңіл рецепттер күн сайын 😋🍒
Ана мен бала денсаулығы: @anagakenes ❤️
Жарнама/Сұрақтар бойынша: @balbraun

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 45

2021-01-26 11:50:00
Тіскебасар рулет

Құрамы:

Қамыр:
Ірімшік – 100 гр
Жұмыртқа – 3 дана
Ұнтақ жармасы – 3 ас қас
Майонез – 3 ас қасық
Куркума – 1 шәй қасық
Сары бояғыш (міндетті емес)

Салмасы:
Тартылған тауық еті – 250 гр
Жұмыртқа - 1 дана
Тұз-бұрыш
Бағдаршам бұрышы

Қамырын 180 гр 25-30 минут пісіреміз.
Салмасын салып, фольгаға орағаннан кейін 40 минут пісіреміз


Фото рецепттер: @damxana
10.5K views FOODS_KZ , 08:50
Ашу / Түсініктеме
2021-01-25 18:40:22
Веналық вафли

Құрамы:

Жұмыртқа - 3 дана
Қант - 60 гр
Сүт - 250 гр
Сары май - 150 гр
Ұн - 200 гр
Қопсытқыш - 10 гр



Фото рецепттер: @damxana
10.8K views FOODS_KZ , 15:40
Ашу / Түсініктеме
2021-01-25 15:06:23
Алтындарым қолдауларыңыз өте қажет.
Фарфалле макароны - 250 гр
Тауық еті - 250 гр
Кілегей 33% - 200 мг
Саңырауқұлақ - 100 гр
Сарымсақ - 1 тісше
Сұйық май - 2 ас қасық
Тұз - дәміне қарай

Бұл әлемдегі ең оңай және дәмді тағамдардың бірі. Мен өзім бір отырғанда, екі тарелка жеп қойдым


Фото рецепттер: @damxana
10.9K views FOODS_KZ , 12:06
Ашу / Түсініктеме
2021-01-24 16:07:23
Пісірмейтін сникерс торты Оңай, қолжетімді, дәмді

Торттың рецептісін сіздерге ұсынамын

Печенье - 300 гр
50 гр - сүт
50 гр какао ( немесе 100 гр шоколад)
Сары май - 50 гр

Крем
Сары май - 100 гр
Варенка - 380 гр
Арахис - 200 гр

Шоколадты ганаш
Шоколад - 100 гр
Сары май - 50 гр
50 гр сүт

Ганаш жасалу жолы сүтті ысытып алып, үстінен шоколадты саламыз. Еріген соң сары майды салу керек.

Ескерту:

Сүт пен какаоны араластырғанда миксен қолдансаңыз, уақытыңыз аз кетеді.

Какао сұйықтығының орнына 100 гр шоколадты қолдануға
Авторы:@aq.oramal


Фото рецепттер: @damxana
11.6K views FOODS_KZ , 13:07
Ашу / Түсініктеме
2021-01-24 12:13:00
"Пигоди"
Қамырына:
500 гр ұн
310 гр жылы су
1 шай қасық ашытқы
1 шай қасық тұз
1шай қасық қант
Салмасына:
450 гр тартылған ет
600 гр орамжапырақ
1 пияз
Тұз қара бұрыш
Сұйық май
Сәбізден салат
Кетчуб
Дайындалуы: видеоның дауысын қатты шығарып тыңдаңыздар . Орамжапырақты жұмсарғанша қуырамыз. 40-45 мин шамасында пісіреміз.
Негізі оп оңай міндетті түрде жасап көріңіздер. Егер уақытынан артық ұстасаңыздар қамыры кебе бастайды . Ас болсыыын.

Пигоди қай халықтың тағамы?білесіздер ме?
Авторы:bondyy



Фото рецепттер: @damxana
11.4K views FOODS_KZ , 09:13
Ашу / Түсініктеме
2021-01-23 16:25:31
Ашытқысыз Пицца

Рецепт:

400 гр айран
2 ас қ сұйық май
1 кішкентай қ сода
1 кішкентай қ тұз
300 ( +- ) гр ұн

Салмасына:
сыр
помидор

Соуска:
кетчуп
майонез
балоньезе приправа
чеснок

Жасалуы: айранга сода, тұз қосып араластырып 20 мин. қойып қоямыз. Массамызга сұйық май , ұн қосып жұмсақ қамыр илеймиз. Қамырды жайып соусын жағып шығамыз. Менде үлкен 1 пицца шықты, сіздер қамырды бөліп кішкентай 2 пицца шығарсаңыздар болады. Одан кейн салмасын салып шыгасыздар. Қызып тұрған 180 гр пеште 10-15 мин пісіреміз. Пештеріңізге қарай ұстайсыздар. Менде 8 мин пісті. Ұзақ ұстап қоймаңыздар қатырып аласыздар



Фото рецепттер: @damxana
12.3K views FOODS_KZ , 13:25
Ашу / Түсініктеме
2021-01-22 11:57:35
Su böreği (Турецкий борек)
Қамырға заттары:
3 жұмыртқа
100 мл ыстық су
0.5 шай қасық тұз
400-500 гр ұн

Ішіне керек заттар:
500-600 гр ірімшік
100 гр сыр
Укроп немесе петрушка
Шымшым тұз

Қамырдың арасы жабыспау үшін ішіне:
150 гр сары май
100 гр сұйық май

Дайындалуы: Алдымен қамырын дайындап 15-20 минут демалдырамыз. Ыдысқа жұмыртқа, тұз, жылу су, ұнды салып жұмсақ қамыр илейміз
Ішіне ішімшік, тұз, сыр, укроп салып дайындап аламыз
Сары майды ерітіп үстіне сұйық май құямыз

Жасалуы: Бірінші қамырды жұқа етіп жаямыз. Қайнап тұрған суға 1 минуттай пісіріп алып сразу салқын суға саламыз. Сол кезде арасы жабысып қалмайды. Салқын суды ауыстырып тұрыңыз.
Табамыздың размеріне қарай қамырды табаға саламыз, 3 қабат қамырды жаямыз. Әр жайылған қамырдың арасына дайындаған майды жағамыз. Жабысып қалмас үшін.
Алғашқы үш қабатты қамырды жайып болған соң, бетіне дайындаған ірімшіктерді саламыз барлығын. Сосын үстіне тағыда үш қабат қамыр төсейміз
150-160 градуста 50-55 мин. пісіреміз
zhuldyz food


Фото рецепттер: @damxana
13.0K views FOODS_KZ , 08:57
Ашу / Түсініктеме
2021-01-21 16:03:58
МИНИ ПИЦЦА:
Қамыры:
4 стакан жылу су (400 мл )
2 ас қасық ашытқа (дрожж)
1 ас қасық шекер
1 шай қасық тұз
4 ас қасық зәйтүн майы немесе сұйық май
ұн

Қамыры жұмсақ болса, ойдағыдай шығады. Қамырын 60 минуттың көлемінде ашыттым.

Бетіне:
2 қызанақ
2 сосиска
қара зәйтүн
жасыл зәйтүн
сыр
жүгері
көк бұрыш

Мен бетіне осы заттарды салдым, сіздер өздеріңізге ұнайтын заттарды салсаңыз болады.

Соус:
кетчуп
майонез

Мен соусын кетчуп майонезді араластырып жасадым.

Бәрін жасап болған соң, бетіне аздап тұз себіңіз 40-45 минуттың көлемінде піседі

Менің жасаған рецептімнен 24 дана пицца шықты, дәмі өте күшті шықты жасап көруге кеңес беремін.

Міне бар болғаны осы, жандарым!

zhuldyz food


Фото рецепттер: @damxana
13.1K views FOODS_KZ , 13:03
Ашу / Түсініктеме
2021-01-20 11:50:55
5 минутта жоқ болатын КФС

Қажетті заттар:
1 кг тауық аяқтары
2 сарымсақ
1 шай қасық қызыл бұрыш
2 шай қасық тұз
2 шай қасық паприка
Су

Бетіне:
2 жұмыртқа
150 гр ұн
150 гр кептірілген нан ұнтақтары (сухарики панировичный)

Жасалуы: тауық аяқтарына сарымсақ,қызыл бұрыш, қара бұрыш, тұз, паприка салып, үстіне салқын су құямыз. Тауықтың аяқтарының барлығы батып тұруы қажет. Холодильникте кем дегенде 4-5 сағат демалдыру қажет.
Бетіне: ең алдымен ұнға аунатып содан соң жұмыртқаға сосын кептірілген нан ұнтақтарына аунатамыз.
Қыздырып тұрған майға әбден қызарғанша пісеріміз.
Іші піспей сәл шикілеу болған жағдайда, духовкада 15-20 минут пісіріп алсаңыз болады.

Толық нұсқасы Ютуб каналымда! Сілтемесін өзімнің аккауныма жазып қоямын. Маған тіркеліп лүпіл басуды ұмытпаңыздар.

zhuldyz food


Фото рецепттер: @damxana
24.0K views FOODS_KZ , 08:50
Ашу / Түсініктеме
2021-01-19 14:13:15
iskender
Керек заттар:
500 гр фарш
2 пияз
Жарты балгар бұрышы
2 көк бұрыш (тәтті)
Сұйық май
1 ас қасық томат
5 шт картошка
Тұз
Қара бұрыш
Паприка
Туралған нан
Қызыл бұрыш
2 помидор (үккіштен өткізілген)

Соус заттары:⠀
2 ас қасық томат
2 помидор(үккіштен өткізілген)
Су
Сұйық май
Тұз
Қызыл бұрыш
Кептірілген мята

Айранға кептірілген мята, сарымсақ аз ғана тұз қосып араластырамыз

Жасалуы: Майға фаршты 5-10 минут қуырып аламыз. Үстіне туралған балгар бұрышын, пиязды, көк бұрышты салып араластырамыз. Оттың астын орташа етіп, 20-25 минут пісіреміз. Үстіне тұз, бұрыш өзіңізге қандай дәмдеуіштер ұнайды барлығын салып 5-10 минут қуырамыз

Соустың жасалуы: Сұйық майға томатты, помидорды салып 4-5 минут пісіреміз, сосын үстіне аз ғана су құйып пісіреміз

İskender дайындалуы: Таза ыдыстың ішіне соусты жағып, туралған нанды саламыз. Бетіне тағы соусты және айранды құямыз. Үстіне қуырылған картопты салып, фаршымызды саламыз. Соусын және айранды құямыз.
zhuldyz food


Фото рецепттер: @damxana
14.2K views FOODS_KZ , 11:13
Ашу / Түсініктеме