Get Mystery Box with random crypto!

ТВОРОЖНО ЯГОДНЫЙ ПИРОГ ⠀ Жүрекшені басып, пікір жаза отырыңыз | Асхана | Рецепт | Торт | Салат

ТВОРОЖНО ЯГОДНЫЙ ПИРОГ

Жүрекшені басып, пікір жаза отырыңыздар .

Былтыр сторизде көрсеткен едім, актуальныйдан байқамай өшіріп алдым. Көпшілігіңіз шырылдап қайта-қайта сұраған соң түсірдім тағы .

Қамыры:
Ұн - 200гр
130гр - сары май
1 дана жұмыртқа
1 шәй қасық қопсытқыш
Шекер - 100гр ( саxарная пудра қосуға да болады )

Салмасы:
Сүзбе - 500гр (творог майлы болғаны дұрыс мысалы 9%)
Қаймақ - 100гр 20%
Шекер - 80гр
Жұмыртқа - 2 дана

Дайындалуы:
1) сары май(xолодильниктен шыққан) мен ұнды қолмен араластырамыз
Үстіне қант және қопсытқышты қосып араластырып,
Жұмыртқаны саламыз да қамыр илейміз.
Тоңазтқышқа 30 минутқа саламыз.
2) Енді салмасын дайындаймыз:
Бір ыдысқа сүзбемізді саламыз үстіне қаймақты, шекерді және жұмыртқа қосып жақсылап араластырамыз Миксермен
3) Формамызға пергамент төсейміз, жан-жағын майлап мұздатқышқа салып аламыз, қамырымызды алып қолмен жаямыз да үстіне салмамызды құямыз.
180С'та 35-40мин пісіреміз
Пирог суымайынша формадан шығармаймыз
АС БОЛСЫН!!!

Авторы: Moldir rysbai