Get Mystery Box with random crypto!

ХОШ ИІСТІ ШОКОЛАДТЫ ПІШНӘЙ ⠀ Жүрекшені басып, пікір жаза оты | Асхана | Рецепт | Торт | Салат

ХОШ ИІСТІ ШОКОЛАДТЫ ПІШНӘЙ

Жүрекшені басып, пікір жаза отырыңыздар

Жаңадан тіркеліп жатқан Ханымдар, ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! АС МӘЗІРІ парақшасына!

Қыздар, міндетті түрде пісіріп көріңіздер! Маған қатты ұнады ! Дүкендікі жолда қалады
Дәмі керемет болды, үгітіліп тұр

Құрамы:
Сары май - 100гр
Шекер - 100гр
Жұмыртқа - 1 дана
Ұн - 100гр ( қажет болса қосасыздар тағы)
Сұлы ұны (овсяная мука, жоқ болса сұлыны блендерден өткізуге болады) - 100гр
Қопсытқыш (разрыxлитель) - шәй қасық
Тұз аздап
Шоколад тамшылары

Дайындалуы:
Үй темп. еріп тұрған май мен шекерді жақсылап араластырамыз, жұмыртқа қосамыз
Тұз+ұндарды+қопсытқыш+шоколад жақсылап араластырамыз да домалақ пішін жасаймыз, үстінен шанышқымен басамыз
180С дәрежеде қызарғанша
Ас болсын!

- аралығында бағалап қойыңыздар . .
.

P.S: ПП ұстанатын қыздар, ұн мен қаттарыңызды алмастырасыздар
Авторы: Moldir rysbai