Get Mystery Box with random crypto!

Юн жымия ерініне жақындаған еді,төменнен “С/а қызым” деген дау | 🦋fanfik_world🦋

Юн жымия ерініне жақындаған еді,төменнен “С/а қызым” деген дауыс шықты. Сен Юнды өзіңнен итере,дереу орныңнан көтерілдің.
Есікке беттеп едің,Юн: Ештеңе демейсің бе?- деді . Сен сәл үнсіз тұрдың да:
Сізде бір мүмкіндік бар, кіші Чон .
Бөлмеден тез шығып кеттің. Юн астыңғы ерінін тістеп,жымиып, сенің артыңнан төменге түсті.
С/а: Не болып қалды,апа?- ас бөлмеге келіп. Сенің артыңнан Юн да келді.
Юн: Түн ішінде неге жиналдыңдар?- отбасы мүшелеріне.
Әжең: Сен келіп қойып пе ең,балам?-
Юн: ия жаңа келдім.
Атаң: Таңертеңмен ,яғни 3 сағаттан соң Лондонға кетеміз. Коул дың кіші қызы дүниеге келіпті. .
С/а: Тамаша!Мен ол кісіні білмеймін,бірақ сондай қуаныштымын! -жымиып.
Апаң: Біз де,қызым. Заттарыңды жинаңдар. 2 сағаттан соң,әуежайда болуымыз керек.
Сен жоғарыға көтеріліп,киімдерін жинап жаттың.
Юн: Бұл бөлмені ұмытып қала жаздадым.-бөлмеге кіре.
С/а: 1апта ішінде ме? -қасыңды көтере күліп.
Юн: Сені көрмей өткен 1 жұма ғасырға татыды. - сенен көзін тайдырмай. Сен ұяла басыңды төмен сала. Юн саған енді жақындай беріп еді:
Ён: Тездетіңдер. -деген дауыс шықты төменнен. Сен жымия шабаданыңды сүйрете Юнның жанынан өтіп кеттің.
Әуежай. Лондон бағытындағы ұшақ көкке көтерілмек. Юн мен сенің орының екі түрлі жерде орналасқан екен. Сенің жаныңда жас жігіт, Юнның жанында егде жастағы әже отырды.
Ұшақ әуеге көтерілгеніне жарты сағат өткенде,сен ұйықтап қалдың. Ал жанындағы жігіт саған қарап жымиып қойды. Әйелінен көз алмай отырған Юн ,әрине, мұны байқады. Әлгі жігітке ала көздене қарады да,неке жүзігін көрсетті. Жігіт те басын төмен сала планшетін шұқылап кетті. Сен ұшақтағы уақытынды ұйықтаумен өткізсең , Юн әйелін күзетумен өткізді.
Ұшақ күн шыға бергенде, Лондонға келіп қонды. Чон әулетін Юнның інісі Коул күтіп алып,өз үйіне алып келді.
Жолдан шаршап келген Юн екеуіңе берілген бөлмеге кіре ұйықтап кетті.
14 бөлім соңы