Get Mystery Box with random crypto!

Сезім шыңында 14 бөлім Арада 1 апта өтті. Ю | 🦋fanfik_world🦋

Сезім шыңында
14 бөлім

Арада 1 апта өтті. Юн мен сен сол кездесуден бері әлі жолыққан жоқсыңдар.. Юн үйге түн ауғанда бір-ақ келіп,күн шықпай жатып жұмысқа аттанады. Сен ,әрине,жігітті көп ойладың. “Менде шынымен көңілі болды ме екен?” , Мен оған дұрыс айттым ба? деп өз өзіңе жиі сұрақтар қоясын . Сенің Юнның сезіміне жауап қатпауыңа бірден-бір себеп: Юнның сезіміне сенбеуің.
Сен универ кітапханасында Айюмен бірге отырсың.
С/а: Бүгін 1 апта болды оны көрмегеніме.- мұңая.
Айю: Құрбым-ау,бұлай дейтінің бар,жігітке бір мүмкіндік бермедің бе?
С/а: Мен оның бұлай жоғалып кететінін қайдан білейін? Өзі де махаббат үшін күреспей ме екен? Ақымақпын ешнәрсе тыңдамай келісе салуым керек пе еді?
Айю: Юн? Махаббат үшін? Жоқ,құрбым. Ол махаббат үшін күрескен жігіт деп ойламаймын. Ол үшін күреспесе. Мектепте қыздар оның артынан қалай жүгіретіні есіңде ме? Өзің айтатын едің ғой. Әсіресе Кади -екеуің күліп.
Айю: Сенің күйеуіңнің Кадиге қарамағаны үшін қатты құрметтеймін. Сосын:
Айтпақшы, топ чатына Юн екеуіңнің суреттеріңді жібердім. Алдында түсіпсіңдер ғой. Пактың үйіне барғанда. Кадидің іші күйсін.
С/а: Сенің де істемейтінің жоқ.
Екеуіңнің жанына Пак келіп қосылды. Пак саған көз тастап:
Алдында болған әңгіме ұмыт болғанын қаласаң,жақсы. Алайда дос ретінде болсын араласып тұрайық. -деді. Сен жауап қатпадың.
Айю: Араласайық,жігітім. Араласайық. Иә,С/а ?-деді Айю күліп. Сен басыңды изей. Пак жымия кітапханадан шығып кетті.


Кеш.Жұмыстан шыққан Юн көлік тұрағына беттеді. Онда өз көлігіне мінгелі тұрған Пакты көрді. Екі жігіт те өз көліктеріне мініп,жолға шықты. Жігіт көліктері бір-бірімен жарысып келеді. Пак бірнеше метр алда. Тіпті жеткізер емес. Юн өз көлігімен Пактың көлігін сырып өтті. Пак көлігінен шықты. Юн да.
Пак: Сен бұл көліктің қанша түратынын білесің бе?-деді Юнның жағасынан ала. Жігіт те осыны күткендей Пактың жағасынан ұрып жіберді. Осылай екі жігіт арасында төбелес басталып кетті. Жандарынан өтіп бара жатқан жігіттер екеуін әрең ажыратып алды.
: Болды,жігіттер,үйлеріңе тарқасыңдар.- деді арасынан бір жасы үлкендеуі. Юн көлігіне отырайын деп жатқан еді,
Пак: Мен С/а ны 8 жылдан бері сүйемін. Оның сенің әйелің екені мен үшін ештеңені өзгертпейді. Оған деген махаббатым артпаса,кемімеді. -деді арттан.
Юн жұдырығын түйе өзін сабырға шақырды. Көлігіне міне өз үйіне жол тартты.


Сен төменгі қабатта Юнды күтіп отырсың. Сағат түнгі 1-ден асқан. Сен теледидарды қосып,есікке телміре қарап отырсың. Юнның келер түрі жоқ. Бірде есік ашылды. Сен дереу орнынңан көтеріле. Үйге үсті-басы шаң-тозаң,беті жырылған,еріні қанаған Юн кіріп келді. Саған бір қарады да,жоғары көтеріліп кетті. Сенде Юнның артынан ілестің. Юн бөлмесінің есігін жаппақ болып еді, сен есік тұтқасын ұстап қалдың. Юн саған суық көзін қадады.
С/а: Жараларыңызды таңып ...
Юн: Керек емес. - есікті жаппақ болып еді, сен Юнның қолынан ұстадың.
С/а: Көмектесуіме рұқсат етіңіз.
Бірнеше минут өткен соң. Сен Юнның жараларына жақпамай жағудасың.
Юн бетін тыжырайта әрең шыдап отыр.
С/а: Енді ерініңіз .- деген сен Юнның ерініне асықпай жақпамай жағып жаттың. Арасында үрлеп те қоясың. Юн сенен көз алмай сенің әрбір қимылынды бақылап отыр.
С/а: Мұнда жағам,сосын бітті- Юнның көзқарасынан ыңғайсыздана.
Юн басын изеді. Сенің салалы саусақтарың Юнның төменгі томпақ еріндеріне тиді. Сен көз қиығыңмен жігітке қарап едің, екі жастың көздері түйісіп қалды. Сен дереу көзінді төмен түсіре ,Юнның ерініне қолынды тигізіп едің, Юн сені кереуетке құлатты.
Юн: Шыдамыммен сынамақсың ба?-деді қыз төбесінен төне. Сенің көзің шығып, жүрегі атылып кетердей.
Юн: 1 апта әрең шыдадым - сенің бетіне түсіп тұрған шаштарды құлағыңның артына қайыра.
Юн: Сені көрмесем,сезімім сөнер дедім. Жоқ,керісінше ұлғайып барады. Сенің әр қимылыңды көрген сайын тап бір ішімде көбелектер билеп жүргендей сезімде болам. Күлкіңді көрсем,жүрегім жарылып кетердей күй кешем. Бұл не сезім,Ким С/а?- құлағыңа сыбырлай. Сен не деріңді білмедің. Нақтырай айтқанда,ауызына сөз түсер емес. Ал жүрегіңнің дүрсілін Юн анық естіді.