Get Mystery Box with random crypto!

Тоқта, бала Тоқта, бала, шет тілде шүлдірлеме, Қадірін қашыра | Ершат Қайболдин

Тоқта, бала

Тоқта, бала, шет тілде шүлдірлеме,
Қадірін қашырасың тілдің неге?
Сұңқардай саңқылдауға міндеттісің,
Қарғадай қарқылдама, бұлбұлнеме!

Сен туғанда қай тілде іңгәләдің,
Бесік жыры емес пе тыңдағаның,
Ана тілің қазақтың тілі шығар?
Бабаңның шежіресін бір қарағын!

Көкке қарап ұлысаң, зорсың, бала,
Жерге қарап шошқадай қорсылдама!
Қара көзім, көк көз де, қысық көз де,
Ешкімің емес, сенің - көршің ғана!

Ешкімің емес олар енші берген,
Бірақ, бала, тату бол көршілермен!
Айдаһардай ысқырмай, Арғымақтай
Кісінесіп көрейік, келші бермен.

Өзге тілде ойлайсың, ішіп-жейсің,
Бәрі, бәрі болашақ үшін дейсің.
Бұл өлеңді несіне жаздым екен?
Сен бәрібір қазақша түсінбейсің!
-
Ершат Қайболдин