Get Mystery Box with random crypto!

#Алдымда_жүріңдерші Өзім жайлы өсектен есім ауды, Қырық-жама | Ершат Қайболдин

#Алдымда_жүріңдерші

Өзім жайлы өсектен есім ауды,
Қырық-жамау жанымның несі қалды?
Жаралы жүрегіме әркім келіп,
Өзіне керек жерін кесіп алды!

Ешкімге ұқсамайтын тағдырым бар,
Неге сонша артымнан аңдыдыңдар?
Жол берейін, алдыма шығыңдаршы,
Бірақ, мені жайыма қалдырыңдар!

Күн кешіңдер күндемей, күңкілдемей,
Тілдесіңдер адамша, зіркілдемей.
Болғаныммен бір күн бай, бір күн кедей,
Сыйлап өтем бәріңді күн-түн демей!

Сақтамаймын ешқандай кек сендерге,
Ұрсаңдар да шыдаймын, тепсеңдер де.
Уақытында беріңдер жем-шөбімді,
Арбасына есектің жексеңдер де.

Күтпеген жерден біреу келе қалса,
Шошып кетем бір жері кем адамша.
Артымда жүргендерден қауіптенем,
Алдыма шығыңдаршы не де болса.
_
Ершат Қайболдин @ershat_kaiboldin