Get Mystery Box with random crypto!

Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)

Telegram арнасының логотипі ermekustaz — Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми) Е
Telegram арнасының логотипі ermekustaz — Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
Арна мекенжайы: @ermekustaz
Санаттар: Блогтар , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 751
Арнадан сипаттама

Пайдалы кеңестер

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 40

2021-09-13 05:31:34 Дуалы сөз.

"Арман-қиялы жоқтың, болашағы да жоқ. Жетістіктің басы - қиялдау".
68 views02:31
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 05:27:20 Алладан аят

قُل لَّن يُصِيبَنَا إِلَّا مَا كَتَبَ اللَّهُ لَنَا هُوَ مَوْلَانَا ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ

"Былай деп айт: Бізге Алланың жазғаны ғана болады. Ол біздің Иеміз. Мүміндер Аллаға тəуекел етсін".

(Құран-9:51).
69 views02:27
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 05:17:33
Ауырып жүргендер болса, осы дұғаны оқып жүрсін
68 views02:17
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 05:09:24 عن الربيع بن خثيم أنه قال لأصحابه تدرون ما الداء والدواء والشفاء؟ قالوا لا، قال الداء الذنوب، والدواء الاستغفار، والشفاء أن تتوب ثم لا تعود.

Сахаба Абдулла ибн Мәсъудтың шәкірті, табиғин Рабиъ ибн Хусәйм өзінің жолдастарына:
- Ауру не екенін, дәрі не екенін және шипа (сауығу) не екенін білесіңдер ме? - деп сұрайды.

Жолдастары:
- Жоқ, - деп жауап береді.

Сонда табиғин:
- Ауру, ол - күнә. Дәрі - истиғфар айту. Шипа (сауығу) болса, - тәубе еткеннен кейін күнәні қайталамауың, - деп түсіндіріпті.
65 views02:09
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 05:02:28 Алладан аят.

وَإِذَا قُلْتُمْ فَاعْدِلُوا وَلَوْ كَانَ ذَا قُرْبَىٰ ۖ 

"(Бір нәрсе) айтар болсаңдар, әділін айтыңдар, тіпті жақындарың болса да...".

Құран. "Әңғам" сүресі, 152.
62 views02:02
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 05:01:04 Бүгінгі дұға

اللَّهُمَّ أسألك علما نافعا ورزقا واسعا وشفاء من كل داء.

"Аллаһым, сенен пайдалы ілім, мол ризық және барлық сырқаттың шипасын сұраймын!"

Кәләм Тойыб.
#дұға
62 views02:01
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 04:52:55 «Қарғалар қарқылдай бастағанда, бұлбұлдар үндемейді».

Мәуләнә
64 views01:52
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 04:50:44 Пайғамбар дұғасы

اَللّهُمَّ اَسْألُكَ فِعْلَ الْخَيْرَاتِ وَتَرْك الْمُنكَرَاتِ وَحُبَّ الْمَسَاكِينِ وَإذَا اَرَدْتَ فِي النَّاسِ فِتْنَةً فَاقْبِضْنِى إلَيْكَ غَيْرَ مَفْتُونٍ

"Аллаһым! Сенен ізгі істер істеуімді, ал жаман істерді істемеуімді және міскіндердің сүйіспеншілігін(е бөленуімді) сұраймын! Егер, адамдар арасында бүлік жаратар болсаң, мені (яғни, жанымды) сол бүліктерге былғанбаған күйі ал!"

Мұхаммед пайғамбар ғалейһиссәләм ("әл-Муатта").
66 views01:50
Ашу / Түсініктеме
2021-09-12 18:57:09 "Бір жылдан кейінгіні ойласаң, дәнек ек.

Он жылдан кейінгіні ойласаң, ағаш ек.

Жүз жылдан кейінгіні ойласаң, халықты оқыт!"

Шығыс ойшылдарынан қалған сөз.
76 views15:57
Ашу / Түсініктеме
2021-09-12 09:26:04 عن ابن عباسٍ، قال: قال رسولُ الله صلى الله عليه وسلم:
«مَن لزِم الاستغفارَ جعَل اللهُ له مِن كلِّ ضيقٍ مخرجًا، ومِن كل همٍّ فرجًا، ورزقه مِن حيث لا يحتسب»
"Кім үнемі истиғфар айтып жүрсе, Алла Тағала оған барлық қиындықтан шығар жол жаратады және оны барлық ғам-қайғыдан арылтып, (көкейге) қуаныш сыйлайды. Әрідесе, оны күтпеген жерден ризықтандырып қояды".

Хадис. ("Мүснәд Имам Ахмед").
4 views06:26
Ашу / Түсініктеме