Get Mystery Box with random crypto!

Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)

Telegram арнасының логотипі ermekustaz — Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми) Е
Telegram арнасының логотипі ermekustaz — Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)
Арна мекенжайы: @ermekustaz
Санаттар: Блогтар , Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 751
Арнадан сипаттама

Пайдалы кеңестер

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 39

2021-09-24 04:43:29
Фото от Ермек
20 views01:43
Ашу / Түсініктеме
2021-09-18 15:13:49 Насихат...
Хәкімдердің бірі баласына былай деп насихат айтқан екен.
"Уа, балам! Жақсыларға жақын бол! Жақсыларға серік бол! Себебі олар:
1. Хабарсыз кетсең артыңнан іздейді.
2. Жаңылып кетсең түзейді.
3. Дұға жасағанда сені де дұғасына қосады. Сені ұмытпайды.
Олар көктегі жұлдыздар секілді. Өмір атты теңізде кемең бағытынан ауып кетсе де саған жол көрсетеді.
Бұл айтылғаннның бәрі бір төбе, олардың сені тек бір Алланың разылығы үшін жақсы көргені жеке өз алдына бір төбе емес пе? Осының өзі ұққан жанға үлкен бақыт емес пе?".
Қайырлы күн!
Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!
39 views12:13
Ашу / Түсініктеме
2021-09-17 08:11:36 Жұма құт әкелсін бауырларым
40 views05:11
Ашу / Түсініктеме
2021-09-17 08:11:18
Фото от Ермек
40 views05:11
Ашу / Түсініктеме
2021-09-16 03:09:14 Тауларды жылжытатын адам, алдымен ұсақ тастардан бастайды.
21 views00:09
Ашу / Түсініктеме
2021-09-15 13:54:09 Именіп жүріп көрген игіліктен қарсыласып жүріп көрген бейнет артық Б.Момышұлы
33 views10:54
Ашу / Түсініктеме
2021-09-14 19:42:04
26 views16:42
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 11:43:50 "Бір жалған төрт дұрыстықты жояды:
1. Ізгілікті
2. Сенімділікті
3. Адалдықты
4. Тыныштықты".
#бүгінгісөз

Бүгінгі хадис

Әзіреті Омардың немересі Сәлим (р.а.) былай дейді:

«Әкем (Абдулла ибн Омар) ғұсылданып болғаннан соң, дәрет алды. Мен одан: «Ғұсыл жеткілікті емес пе? Ғұсылдан кәміл дәрет бар ма?», - дегенімде әкем (Абдулла ибн Омар): «Жүніп үшін ғұсылдан артық қандай дәрет бар! Тек, менің жыныс мүшемнен бір нәрсе шыққандай болды, сосын оны ұстадым, сол үшін дәрет алып жатырмын», - деп айтты».

( Абдурраззақ әс-Санағани: Мусаннаф. №1038 хадис).
—————————
Ғұсыл алған соң дәрет бұзатын жағдайлардың бірі туындамаса, қосымша дәрет алудың қажеті жоқ. Оған жоғарыдағы хадис дәлел. Өйткені, шомылу барысында дәретте жуылуы керек жерлер жуылып отыр. Сол себепті, шомылып шыққан соң қосымша дәрет алмастан уақыты кірген намазға тұра беруге рұқсат. Әрине, егер ғұсылдан кейін дәрет бұзылған-бұзылмағаны жөнінде күмәнданып тұрсаңыз, онда дәрет алған абзал.
#бүгінгіхадис
56 views08:43
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 05:46:55 Аталы сөз!

"Өзге үшін дертіне шипа болар балдай бол, мұңайтатын тікен болма".

Мәуләнә Ж. Руми
66 views02:46
Ашу / Түсініктеме
2021-09-13 05:39:38 ​​

"Бұзғыншылық жоғарғы жақтан келіп, төменге түседі. Ал дұрыстық төменнен басталып, жоғары қарай көтеріледі".

Мұхаммед Ғазалий
68 views02:39
Ашу / Түсініктеме