Get Mystery Box with random crypto!

“Ғафу” және “мағфира” екеуінің қандай айырмашылығы бар? Алла | Erqanat Sagadin

“Ғафу” және “мағфира” екеуінің қандай айырмашылығы бар?

Алла тағала күнәға мағфират етсе, күнә кешіріледі. Бірақ, амал дәптерде сақталады (ізі қалады).

Ал күнәға Алла ғафу етсе күнәны кешіреді, әрі оны амал дәптерден де өшіреді.

Сол үшін Алла Елшісі ﷺ осы дұғаны көп айтуды өсиет еткен:

اللهم إنك عفو تحب العفو فاعف عنا

“Аллахумма иннәкә ғафуун тухиббу әл-Ғафуа, фәғфу ъәнна


Аллаһым расында, Сен ғафу етушісің, ғафу еткенді жақсы көресің. Және бізге ғафу ет

Рамазанның соңғы 10 күндігінде осы дұғаны көп айтайық.