Get Mystery Box with random crypto!

Шейхіміз Холид Харсамен (حفظه الله) Рамазан айында 'متن تحفة ا | Erqanat Sagadin

Шейхіміз Холид Харсамен (حفظه الله) Рамазан айында "متن تحفة الطلاب - منظومة شعرية في الفقه" кітабын бастағанбыз. Шейх өзі шархтап отырады, бірге мәтінін жаттаймыз.

Сонда шейх айтады: "Кітап басталғанда білім талап етушілерді 10 күн сынаймын. Алғашқы 3 күн сабаққа көп адам қатысады. Оларды қонақ деп айтамын. Қонақ өзі 3 күндік болады емес пе? 3 күннен соң шәкірттердің қатары азаяды. Түрлі себептермен сабаққа қатыспай бастайды. 10 күннен өткендер өзі санаулы болады. Солармен аяқтап шығамыз".

Адамның жүрегіндегіні оқитын жандар ғой ол кісілер. Алла өмірін ұзақ етсін!

#ғалымдар #тағылымы