Get Mystery Box with random crypto!

ТАҢҒЫ РИТУАЛДАР 7/30 1. Оянып, төсектен тұрып, 50 рет секірі | Эльвира Ергалина

ТАҢҒЫ РИТУАЛДАР 7/30

1. Оянып, төсектен тұрып, 50 рет секіріп, контрастты душ қабылдадыңыз. Жуынып-шайынып, бет күтімін жасадыңыз. Су ішуді ұмытпаңыз. Неге керегін ұмытып қалсаңыз, бірінші күннің текстін оқып аласыз ғой.

2. Бүгінге ниет. Дәптеріңізді ашып, бір ғана ниет жазасыз. Әр әрекетіңізді жасарда немесе “не керек осы” деген ой туғанда осы ниетіңізді еске аласыз. Сондықтан бүгінгі ісіңізге, әрекетіңізге арналған ниет болсын. Кешегіні қайталамаймыз.

3. Алғыс жазу. Бүгін өміріңіздегі техниканың бәрін байқап, сізге қатты көмегін тигізіп, өміріңізді жеңілдетіп жатқандарына алғыс жазыңыз.

Техниканың өмірімізге сіңіп кеткені соншалық, мүлде мән бермейміз. Бірақ істен шыға қалса, қадірі білінеді.

Техникаға алғыс жазу деген қызық көрінер. Жазып шықсаңыз, қандай жеңіл, қандай ғажап дәуірде өмір сүріп жатқанымызды байқайсыз.

Ол техникаларды ойлап табу, дәуірдің оңай бола түсуі, адам қиялының іске асуы, бәрі-бәрі - Алланың нығметі.

Әр алғыстың артында Жаратушымыз тұрады, оның берген мүмкіндіктеріне шүкірлік етеміз.

4. Медитация жасаңыз. Каналымдағы медитацияны тұрақты жасасаңыз, керемет сезім береді әрі күнде жасаған соң миыңыздың программалануына көмектеседі. Жоғары шығып, іздеп көріңізші. Болашақта тағы жаңа медитациялар ұсынып қалуым мүмкін

5. Серуендеңіз. Иә, кейбіріңізде мүмкіндік болмайтын шығар. Ең болмаса, терезені ашып, табиғатқа, айналаға зер салыңыз, таза ауа жұтыңыз. Таңда құстардың әуені ерекше болады, соны байқаңыз. Тәнге белсенділік керек, аздап жаттығу жасаңыз.

6. Салыстырыңыз. Бес жыл бұрынғы, он жыл бұрынғы, 15-20-30-40 жыл бұрынғы өміріңізді еске түсіріңіз. Қазіргі өміріңізбен салыстырыңыз. Қайсысы жеңіл, қайсысында мүмкіндік көп? “Қазір бәрі қиын, өмір қиын” сияқты ой туса, шынымен қиын ба, саралап көріңізші. Мүмкін өзіңіз мүмкіндіктерді дұрыс қолдана алмай жүрген шығарсыз?

Бәрін орындап болған соң қандай сезім, ой болды, бөлісе кетіңіз. Пікіріңізді күтем