Get Mystery Box with random crypto!

ТАҢҒЫ РИТУАЛДАР 6/30 1. Оянып, төсектен тұрып, 50 рет секірі | Эльвира Ергалина

ТАҢҒЫ РИТУАЛДАР 6/30

1. Оянып, төсектен тұрып, 50 рет секіріп, контрастты душ қабылдадыңыз. Жуынып-шайынып, бет күтімін жасадыңыз. Су ішуді ұмытпаңыз. Неге керегін ұмытып қалсаңыз, бірінші күннің текстін оқып аласыз ғой.

2. Бүгінге ниет.
Дәптеріңізді ашып, бір ғана ниет жазасыз. Әр әрекетіңізді жасарда немесе “не керек осы” деген ой туғанда осы ниетіңізді еске аласыз. Сондықтан бүгінгі ісіңізге, әрекетіңізге арналған ниет болсын. Кешегіні қайталамаймыз.

3. Алғыс жазу. Бүгін өзіңіз тұратын мекенге (мемлекет, қала, ауыл, район, үй, бөлме, төсек) алғыс жазасыз.

Әдетте мән бермейтін, бірақ өте маңызды тапсырма, иә?

Біз тұратын мекеннің бүкіл ресурсын қолданамыз. Ауасынан бастап, энергиясына дейін жұтамыз. Дәл қазәр өмір сүріп жатқан аймаққа 10-20-30-100 алғыс тізе аласыз, соңында сізге қалвй көмектесіп жүргенін байқайсыз.

4. Медитация жасаңыз.
Каналымдағы медитацияны тұрақты жасасаңыз, керемет сезім береді әрі миыңыздың программалануына көмектеседі. Жоғары шығып, іздеп көріңізші. Болашақта тағы жаңа медитациялар ұсынып қалуым мүмкін

5. Серуендеңіз.
Иә, кейбіріңізде мүмкіндік болмайтын шығар. Ең болмаса, терезені ашып, табиғатқа, айналаға зер салыңыз, таза ауа жұтыңыз. Таңда құстардың әуені ерекше болады, соны байқаңыз. Тәнге белсенділік керек, аздап жаттығу жасаңыз.

6. 100 қадам = 3 алғыс. Бүгін міндетті түрде далағы шығып, серуендеңіз. Табиғатқа зер садыңыз. 100 қадам жасағанда айналаға мұқият қарап, 3 затқа, нәрсеге алғыс айтасыз. Не үшін алғыс екенін, рақметтің себебін дауыстап айтуды ұмытпаңыз.

Бәрін орындап болған соң қандай сезім, ой болды, бөлісе кетіңіз. Пікіріңізді күтем