Get Mystery Box with random crypto!

ТАҢҒЫ РИТУАЛДАР 5/30 1. Оянып, төсектен тұрып, 50 рет секірі | Эльвира Ергалина

ТАҢҒЫ РИТУАЛДАР 5/30

1. Оянып, төсектен тұрып, 50 рет секіріп, контрастты душ қабылдадыңыз. Жуынып-шайынып, бет күтімін жасадыңыз. Су ішуді ұмытпаңыз. Неге жасау керегін ұмытып қалсаңыз, бірінші күннің текстін оқып аласыз ғой.

2. Бүгінге ниет.
Дәптеріңізді ашып, бір ғана ниет жазасыз. Әр әрекетіңізді жасарда немесе “не керек осы” деген ой туғанда осы ниетіңізді еске аласыз. Сондықтан бүгінгі ісіңізге, әрекетіңізге арналған ниет болсын. Кешегіні қайталамаймыз.

3. Алғыс жазу.
Бүгін тәніңіздің әрбір мүшесіне алғыс жазыңыз. Бәрін тізіп отыру қиын болса, денеңіздегі аса ұнатпайтын мүшелерді тізіп, алғыс жазасыз.

Құр рақмет деп шықпай, ол мүшеңіздің сізге “кемшілік” боп тұрғанынан басқа пайдасы, көмегі барын түйсініп жазасыз.

Мысалы: көзіңіз ұнамаса… Көзіңіздің мүлде жоқ болғанын елестетіңіз, өміріңіз қалай болар еді? Сіз кемшілік санап жүргенде ол мүлде жоқ болса? Иә, көзіңіз өмірді көруге, істі дәл атқаруға, білім алуға, осы мәтінді оқуға, Алланың сұлу жаратылысын көруге көмектесіп жүр. Тізім көөөп жалғасады. Сіз де осылай ұнатпайтын мүшеңіздің сізге қалай көмектесіп, қолдау беріп жүргенін тізіп, алғыс жазасыз

4. Қанша алғыс алдыңыз?
Осы айдың не осы аптаның ішінде, тіпті осы жылдың ішінде қанша алғыс алдыңыз? Қанша жанға көмегіңіз тиіп, шын қуантып, шынайы алғысын алдыңыз?

Еске түсіріңіз. Тізімді 10-20-30-ға жеткізіп, жалғастыра беруге болады. Бұл практика өзгенің рақметін, жоғарғы энергиясын көруге, қабылдауға, мойындауға үйретеді. Сондай-ақ, қанша жанға пайдаңыз тигенін, жақсылық пен мейірімге қосқан үлесіңіз барын көруге дағдыландырады. Өзіңізді бағалауды бастайсыз

Иә-иә, өзіміздің кім екенімізді түсініп, өмірлік бағытымызды өзімізге айқындап аламыз. Қай мақсатқа ұмтылатынымызды өзімізге ұғындырамыз, нақтылаймыз.

5. Медитация жасаңыз.
Каналымдағы медитацияны тұрақты жасасаңыз, керемет сезім береді әрі миыңыздың программалануына көмектеседі. Жоғары шығып, іздеп көріңізші. Болашақта тағы жаңа медитациялар ұсынып қалуым мүмкін

6. Серуендеңіз.
Иә, кейбіріңізде мүмкіндік болмайтын шығар. Ең болмаса, терезені ашып, табиғатқа, айналаға зер салыңыз, таза ауа жұтыңыз. Таңда құстардың әуені ерекше болады, соны байқаңыз. Тәнге белсенділік керек, аздап жаттығу жасаңыз.

7. Тәніңізбен сөйлесіңіз.
Айнаның алдына барып (киімсіз болғаны дұрысырақ), денеңіздің әр мүшесіне мұқият қараңыз. Өзіңіз ұнатпайтын жерлерге зер салыңыз, мүлде болмағанын елестетіңіз, соңында сізге қалай көмектесіп, қалай қолдап жүргенін тізіп, алғысыңызды айтыңыз. Әр мүшеңізге махаббат жіберіңіз.
Дәптерге жазғаныңызды еске түсіріп, қайталауға болады. Күні бойы іс-әрекетіңізге көмектескен мүшелерге рақмет айтып жүруді ұмытпаңыз. Фокусыңыз тәніңізде болсын!

Бәрін орындап болған соң қандай сезім, ой болды, бөлісе кетіңіз. Пікіріңізді күтем