Get Mystery Box with random crypto!

Соңына жетпейтіндер үшін қарапайым ғана бір мысал айтайын ба? | Эльвира Ергалина

Соңына жетпейтіндер үшін қарапайым ғана бір мысал айтайын ба? Көшеде келе жатырсыз делік. Күн ыстық. Қатты шөлдедіңіз. Алдыңыздан дүкен кездесті. Қуандыңыз. Кірдіңіз. Тоңазытқыштан бір бөтелке қалаған суды алдыңыз. Алдыңыз дағы сыртындағы қағазын оқуға кірістіңіз. Дымын қалдырмай түгел оқыдыңыз: бұл су қайда шығады, кім шығарады, қашан шықты, құрамында не бар, тағысын тағы. Әбден оқып тауысқан соң суды қайтадан орнына қойып, дүкеннен шығып кеттіңіз. Шөліңіз қанды ма?

Әрине қанған жоқ! Бір ұрттам су жұтқыншағыңыздан өтпегесін шөл қанушы ма еді? Бір ұрттамның өзіне қанбайды көбіне. Ақпаратын алып қана қоймай, қақпағын ашып, көтеріп, суды жұту керек. Бұл - әрекет.

Сіздің амал да дәл сол сияқты. Қыруар ақша тапқыңыз келеді, өзгергіңіз келеді, жеңіл өмірді қалайсыз. “Нейроақша” болсын, басқа болсын, қалаған курсыңызды сатып аласыз. Теорияның түгін қалдырмай жұтасыз кеп, жұтасыз. Сөздерін жаттап аласыз. Ал практика жоқ. Үй тапсырмасын соңына дейін орындамайсыз, тіпті мүлде орындамайсыз. Сосын нәтиже шыға ма? Шөліңіз қалай қанбады, нәтиже де солай төбесін көрсетпейді.

Немесе сүйікті асыңыздың рецебін жаттап алып, қарын ашқанда соны жатқа айтып көріңіз. Қарын тоя ма екен? Тамақ кәдуілгі тамақ боп алдыңызда тұру үшін оны пісіру керегін білесіз. А пісіру ол - процесс, әрекет, практика.

Курс алдыңыз екен, өзіңізді рецептпен, бөтелкенің сыртындағы жазуымен тойдырам деп ойламаңыз. Жасаңыз. Тапсырмасын түгел қалдырмай жасаңыз. Қиналсаңыз да жасаңыз. Ауырып, өлім аузында жатсаңыз да жасаңыз. Себебі кейде тапсырма орындамас үшін ауруды қолдан жасап, артына тығылып қалатындар бар.

Помидордың көшетін қалай отырғызуды жатқа соғу күзде помидор жейтініңізді білдірмейді. Теория алдыңыз ба, әрекет керек. Ә-РЕ-КЕТ!