Get Mystery Box with random crypto!

Мүгедек, аяғы жоқ адамдар коляскаға я балдаққа сүйенбесе, • ж | Эльвира Ергалина

Мүгедек, аяғы жоқ адамдар коляскаға я балдаққа сүйенбесе,
• жүре алмайды,
• еркін қозғала алмайды,
• көздеген жеріне жете алмайды.

Сол сияқты кей сау адамдар да сүйенетін біреуді қажет етеді. Айналасынан опора іздейді. Өз омыртқасын тірек көрмейді. “Менде тірек жоқ,” - дейді олар: “Маған біреу омыртқа болу керек. Мені біреу сүйеу керек. Әке-шешем маған омыртқа болсын. Болмады ма? Онда күйеуге шығуым керек. Күйеуім маған омыртқа болады”…

Айналасынан тірек болатын адам таппағасын АҚШАНЫ ТІРЕК ҚЫЛУға көшеді. “Ақшам болса, жыламаймын, қиналмаймын, ештеңе істемеймін, еркін жүрем, қалағанымды жасаймын, өмірімде проблема болмайды” деген сенім пайда болады.

Себебі ақша - көп есікті ашатын құрал, рас. Бірақ тірек бола алмайды. Ол көмекші құрал ғана. Адамзатқа қызмет етуші. Ал тірі жан өзіне физикалық жағынан омыртқасын, аяғын, денесін тірек етеді. Рухани жағынан Құдайын, ішкі менін тірек етеді. Психологиялық жағынан тәжірибесін тірек етеді. Сіз жиған опыт, көрген-білгеніңіз, танымыңыз, сезімдеріңіз, эмоцияларыңыз, бәрі сізді тіреп тұр. Тірегіңіз бар жансыз.

Омыртқаның сынуы я ауыруы, өзіңізге опора бола алмауыңыздан. “Өзіме тірек бола алмаймын” десеңіз, омыртқаңыз сізге белгі береді. “Ең базалық тірегің, мен омыртқа, бармын! Сезінші мені,” дейді.

Сіз өз-өзіңізге тірек бола аласыз! Аяғыңыз бар, омыртқаңыз бар. Жүре аласыз, тамақ жей аласыз, табыс таба аласыз, жақсы өмір сүре аласыз. Сезімдеріңіз бар, эмоцияңыз бар. Жиған тәжірибеңіз бар, біліміңіз бар. ӨЗІҢІЗДІ ӨЗГЕ АДАМДАРДЫҢ ҚАТЫСЫМЕН ҒАНА БАР САНАМАҢЫЗ!

Сіз барсыз!