Get Mystery Box with random crypto!

Қазір байқағаным, қоғамның дамуына, кейбір шенеуніктердің дұры | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Қазір байқағаным, қоғамның дамуына, кейбір шенеуніктердің дұрыс жұмыс істеуіне жекелеген журналистердің ықпалы басым. Тіпті бірнеше БАҚ-тың мәселелерді ашық көтеруіне де сол жекелеген журналистердің еңбегін байқауға болады. Біразымен жақын араласамын. Қандай ақпараттық құралда істесе де принциптеріне берік.

Егер осы бағыттан айнымасақ, алдағы уақытта мықты кәсіби журналистермен әрқашан санасатын уақыт келеді. Тіпті министрліктің қажет емес кезеңіне де келеміз деген сенімдемін. Қазірдің өзінде MediaClub жабық отырыстарында журналист әріптестеріміз мұндай органның керісінше ақпарат саласының дамуына кері әсерін тигізетінін айтады. Толығымен келісемін. Егер дамыған мемлекеттерді қарасақ, ондай министрліктер атымен жоқ. Менің ойымша, ерте ме кеш пе бізде соған келеміз.

Кәсіби мықты журналистерді қалыптастыру үшін аянбай қызмет ете берейік!