Get Mystery Box with random crypto!

Кеше біздің университетімізде, түлектерге диплом табыстау рәсі | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Кеше біздің университетімізде, түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті. Ерекше әсер. Әрине жыл сайын өзгеше форматта өтеді. Студенттердің көздерінде шынайы өмірге деген сенімді көрдім. Тіпті өзің қайта оқығың келетіндей сезімде қаласың. Министрлер (әділет министрі, ғылым және жоғары білім министрі) өздерінің сөзінде университеттің шын мықты екенін мойындай отырып, ойларын білдірді. Достарымызды шақырдық.

Біздің алдымызда үлкен мақсат тұр. Сол мақсатқа жету жолында барлығымыз бар күш-жігерімізді саламыз. Осындай ерекше командасы бар білім ордасының бір мүшесі болғанымды өзім үшін абырой.

Қоғамдық жобаларымызды тоқтатпаймыз. Жаңа оқу жылын мықты жобалармен бастаймыз. Назарларыңыз бізде болсын)).

P.S. Келіп қолдаған, журналистика саласындағы достарыма да өз алғысымды білдіремін.