Get Mystery Box with random crypto!

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ Бұрынғы әріптестерімді және мемлекеттік қы | ERBOLAT MUHAMEDJAN

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Бұрынғы әріптестерімді және мемлекеттік қызмет саласындағы достарымды Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын!

Кезінде марқұм Бердібек Сапарбаев былай деп еді: "Кей басшылардың кемшілігі – халықпен араласпайды, халықтан қорқады. Оның себебі, жұмыс жүрмегеннен, іс алға баспағаннан деуге болады. Яғни, халыққа айтар сөзі жоқ, өйткені көрсетер ісі жоқ. Кез келген әкім халықпен етене жұмыс істеуі керек. Менің ойымша, қазіргі кейбір жігіттерге жетпей жатқаны осы." Бердібек ағаға қатысты естелігімді кейін бір жазармын.

Менің ойымша, Мемлекеттік қызметкер проблеманы шеше білу керек. Қандай жағдай болмасын, халыққа өте жақын болу керек.

Негізінен мемлекеттік қызметкерлер табысын ақыл-ой еңбегінің нәтижесінде табады. Ал, мемлекеттік қызметтің мәртебесінің өсуін біз қай кезде көреміз? Елде экономикалық жағдай алға қадам басқаны байқалса, мемлекеттік қызмет дұрыс жұмыс жасап жатыр деген сөз. Ал егер керісінше болса онда жауабы түсінікті.

Ал елдегі экономикалық жағдайды реттеу үшін, біріншіден, біз капиталистік жүйеге толығымен өтуге тиістіміз. Экономикалық одан кейін саяси билікті капиталистерге беруге тиістіміз. Біраз азаматтар осы сөздерді түсінбей қалуы мүмкін. Яғни бұндай қадамдар жасау дегеніміз капиталист барып министр болады деген сөз емес. Оған мыналар арқылы қол жеткіземіз.
Бірінші, тауар өндіруші компаниялардан алынатын салық сату көлемінің бес пайызынан аспайтын болады.
Екінші, сот қаулысынсыз немесе қылмыстық іс қозғалмай, мемлекеттік тексерулерге тыйым салынады.
Үшінші, мүлікті сату және сатып алуға, компания ашуға нотариалдық растау жеткілікті. Бұл дамыған мемлекеттердің барлығында іске асып жатыр. Мысалға, Германия, Сингапур, Жапония, Оңтүстік Кореяны алсақ болады. Бұлардың бәрін біріктіріп тұрған нәрсе - дұрыс шешу жолы.