Get Mystery Box with random crypto!

Мен үшін еліміздегі өзекті тақырыптарды көтеру әрқашан маңызды | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Мен үшін еліміздегі өзекті тақырыптарды көтеру әрқашан маңызды. JIBEK JOLY телеарнасындағы авторлық бағдарламамда ауыл шаруашылығының дамуына қатысты ашық талқылау өткіздік. Ең бастысы осы саланың жауапты органының министрі Ербол Қарашөкеев пен мәжіліс депутаты, Республика партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаровтың қатысуы болды. Себебі, мәселені талқылауда көбінесе жауапты тұлғаларды қатыстыру қиын.

Тақырып өте ашық талқыланды. Тіпті 40 минуттың өзі жетпеді. Бұл салада шешілмеген мәселе көп. Сондықтан, журналист ретінде өзім де осы саланың мәселесін тұрақты түрде талқылап тұрамын деп шештім.

Талқылаудың толық нұсқасын көру үшін төмендегі сілтемеге өтсеңіз болады.