Get Mystery Box with random crypto!

Өмірімде екінші рет эфирдің алдында қатты қобалжу болды… Осы | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Өмірімде екінші рет эфирдің алдында қатты қобалжу болды…

Осыдан 17 жыл бұрын Хабардағы Азамат бағдарламасына шығардың алдында қатты қобалжыған едім. Ол кезде бірінші курста оқып жүрген кезім. Содан кейін қанша эфирге қатыссам да уайымдау болмаған еді.

Екінші рет, міне Нұрлан Қоянбаевтың “Түнгі студия” бағдарламасына қатысардың алдында кәдімгідей жестко терлеп кеттім). Тіпті уайымдағаным сондай бағдарламаға дейін таңғы ас, түскі асты да ішуге ниет болмады. Студияға кіре салысымен стакандағы суды іше беріппін). Кейін онымды өзім байқап, бойымды тез жиып ала қойдым.

Екінші рет осылай уайымдауымның себебі, алғаш рет тұлға ретінде еліміздегі ең танымал бағдарламаға шақырғаннан кейін сияқты.

Байқағаным, бағдарламаның командасы өте мықты. Сценаристерінің де ойлауы стандарттан тыс. Аура ерекше. Айтпақшы, бастапқыдағы уайымым максимум 3 минутқа ғана созылған шығар. Жүргізушінің кәсібилігін бірден байқадым, әдемі жылы әзілдерімен жаймашуақ көңіл-күйді қалыптастырды.

Әрі қарай, эфир әдемі өрбіді. Әдетте мен өзімнің эфирім болсын, басқа эфирге қонақ болып барсам да тыңғылықты дайындаламын. Тіпті баратын кезде жүргізушілерді детально зерттеп кететін әдетім бар. Сәл hardtalk жасауға да тырыстық. Сонымен қатар, Нұреке HardTalk жобасына келіп қатысуға уәдесін берді.

Біраз қызықтар болды. Қамшы алып бардым. Оның себебін эфирде көресіздер). Назарларыңыз JIBEK JOLY телеарнасында болсын.

P.S. Жалпы Нұрекенің әзілдерін оқушы кезімнен қызығып көретінмін. Себебі, әзілінен интеллект байқайтынмын. Қазіргі комедияларын да алып қарасақ, мықты нәтижелер көрсеткен. Себебі, қазақ киноөндірісіндегі комедия жанрында революция жасау көбісінің қолынан келе бермейді.