Get Mystery Box with random crypto!

Экология министрі де әлсіз. Оған да қатысты сұрақтар көп. Өзін | ERBOLAT MUHAMEDJAN

Экология министрі де әлсіз. Оған да қатысты сұрақтар көп. Өзінің не үшін министр екенін түсінбейтін сияқты көрінеді. Министр сияқты емес, экология саласының жай бір эксперті сияқты өзін ұстайды. Саланың мамандары тәжірибесінің мүлдем төмендігін айтуда.

Біз де расымен кадр тапшылығы сезілуде. Мықты кадрлар мемлекеттік қызметке барғысы келмейді. Қазіргі министр немесе әкім болып жүргендердің көбісі ескіше ойлайды. Егер оларға сұрақ қоя қалсаң, ескі деңгейде қалып қойғанын бірден түсінесің.

Мінез керек. Ұлтжандылық. Елге жаны ашу керек. Өкінішке қарай, осылардың көбісі жетіспейді біздің шенеуніктерге. Көлеңкесінен қорқады. Шешім қабылдауға келгенде жаупкершілікті біреуге лақтыруға тырысады, болмай бара жатса Президентке саботаж жасайды.

Мысалы, Абай облысының әкімі, той тойлап мақтау естігенше, проблеманы ашық айтып, керісінше дабыл қағу керек емес пе еді?! Жоқ, ол өзінің орынбасарымен бірге қалада дастарханнан тамақ ішіп, концерт көріп жүрген.

Шынын айту керек, қоғамда әділ басшыларға сұраныс бар. Сәйкесінше қоғамның талабы қандай, сондай басшыларды тағайындайтын уақыт келді.