Get Mystery Box with random crypto!

emotional baggage

Telegram арнасының логотипі emotionallbaggage — emotional baggage E
Telegram арнасының логотипі emotionallbaggage — emotional baggage
Арна мекенжайы: @emotionallbaggage
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 15

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 8

2022-12-20 21:40:05 менде де дәл солай, жазу-ішімдегі эмоцияларымды шығару, олармен бөлісу.
28 viewsDana, 18:40
Ашу / Түсініктеме
2022-12-20 21:36:13 Сәл тоқтай тұршы,ия-ия сен.

Мүмкін бұл саған келген белгі шығар?!

Байқағаным осы тренд қазір ректен шықпай жүр екен.Егер соңғы видеомды көрген болсаңыз менде осы трендті салған болатынмын.Мендегі басты мақсат ішкі жан дүниемдегі эмоцияны босату еді.
Менің осы мәселеге байланысты айтар бір екі ауыз сөзім бар еді.Тыңдайтын құлақ бар болса мен бастайын.
Жалпы..
Жалпы біз адам баласы өте сезімтал жаратылыспыз.Бізге Аллаһ Тағала 12 мүше мен сан түрлі сезім мүшелерін дарытқан.Біз күніне қаншама эмоцияларды бастан кешіреміз.Ал оның ең бастысы-ғашық болу шығар бәлкім..
Адам ғашық болса не істейді?
Әрине,көзімізге қызғылт көзілдірік киіліп,тек сол адамды ойлай бастаймыз.
Ғашықтық ол жаман деп сөкпеймін.Тек дұрыс адамға,дұрысынан ғашық бола білу керек деп ойлаймын.Бір жақсы сөз бар еді,"Махаббатқа шамаң жетсе Аллаһты сүй әуелі"-деген.Ия,шын мәнінде бізді жаратқан Аллаһты-ең әуелі сүйе білуіміз керек деп ойлаймын.Аллаһқа жүрегімізді аманат етсек,Аллаһ өзі-ақ бізге тең,біздің махаббатымызға лайықты адамды кезіктіріп қояды.Шын мәнісінде бүкіл жер ғалам жаратылмастан алдын,Аллаһ біздің тағдырымызды жазып қойды емес пе?Онда бізге неге қайғыру керек екен?!
Адамға жүректі байламауды үйрету керек.Себебі адам бір-біріне қонақ екенін ұмытпа.Өмір ол кездесу мен қоштасудан тұрады.Не де болса бәрін Аллаһтың разылығы үшін деп жасау керек.
Және тағы айтатын зат ешқашан эмоцияны іште сақтауға болмайды.Эмоцияны сезіне білу керек,қабылдай білу керек және оны босату керек.Егер эмоцияларыңызбен жұмыс жасай алмайтын болсаңыздар ол ертең не бетіңізге безеу болып,не ағзаңызға ауру болып шығатынын білесіз бе?
Эмоцияны жылап,күліп,жазып,айтып босата аласыз.
Менің кезегімде мен көбінде жазамын.Жазылған зат ол шыныменде шығады.
Ешқашан мұңайма досым.Аллаһ бәрімізді жұп-жұбымызбен жаратқан.Арманда.Көр.Біл.Сүй.Қателес.Ешқашан уайымға салынып қайғырма.
Сенде сен барсың,сенде Аллаһ бар.
Бәрі уақытша.Бәрі өткінші.Уақыт емші)
P.s Jankūmis Älimkhanqyzy
29 viewsDana, 18:36
Ашу / Түсініктеме
2022-12-20 21:36:13 мынау тиктоктан оқыған ең жылы сөздер
20 viewsDana, 18:36
Ашу / Түсініктеме
2022-12-20 18:52:00 бәрі құрсын, Мбаппеге сындым
18 viewsDana, 15:52
Ашу / Түсініктеме
2022-12-20 18:43:53 бүгін мамамен сөйлестім, қай тақырыпқа, қандай көңіл-күйде, қандай сәтте, қандай жағдайда сөйлессем де, әр әңгімелескенімнен кейін, оның тірліктерінен, ойынан, пікірінен қуат аламын, еңсем кәдімгідей көтеріліп, алдағы күндеріме жететіндей энергия жинап алам.
әр кез солай. енді байқай бастадым. сосын, тағы социалды қуатым таусылып қалса, толтырып беретініне сенімді болып жүрем.
20 viewsDana, 15:43
Ашу / Түсініктеме
2022-12-16 08:22:03 жиырма жаста өзіңді жоғалған адам сияқты сезінуді жасөспірімдік кезең сияқты қалыпты түсінік қылу керек. "ширек өмір дағдарысы" деген бар екен, бірақ ол туралы көп айтыла бермейді
27 viewsDana, 05:22
Ашу / Түсініктеме
2022-12-16 08:20:33 Не үшін өзінше жаратылған адам, сенің қалауыңда өмір сүру керек?!
26 viewsDana, 05:20
Ашу / Түсініктеме
2022-12-13 06:31:03 бүгін жып-жылы, -20° сезіліп тұр дейді
32 viewsDana, 03:31
Ашу / Түсініктеме
2022-12-12 09:55:10 төрт жыл терлеп оқып жүргеніме қарап кейде өз-өзіме жаным ашиды
38 viewsDana, 06:55
Ашу / Түсініктеме