Get Mystery Box with random crypto!

emotional baggage

Telegram арнасының логотипі emotionallbaggage — emotional baggage E
Telegram арнасының логотипі emotionallbaggage — emotional baggage
Арна мекенжайы: @emotionallbaggage
Санаттар: Блогтар
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 15

Ratings & Reviews

3.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

2

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2023-04-03 02:32:13

11 viewsDana Dosmaganbet, 23:32
Ашу / Түсініктеме
2023-04-03 02:28:18 сенде ешкімнің ешқандай жұмысы жоқ.
ал сенің одан қалса, қарапайымдылығың ұстап қалад(ы).
12 viewsDana Dosmaganbet, 23:28
Ашу / Түсініктеме
2023-04-02 11:55:50 Кейде тым “токсик” болып кетеміз.
Бірақ бізді “токсик” қылатын кім?

Жыл сайын Оразада “ифтар” мен “ауызашар” болып бөлінеміз.
Қазақ тілді фейсбук ортада “ифтардың” проблемасы жоқ. Бөлек әлем. Ал инстаграм ше?
Діни терминмен айтсақ инста орта “рияға” толып тұр. Ішкен-жеген, жатқан-тұрған стористерді айтам. “Ramadan Kareem”, “Ифтардамыз” деп өзінің “ораза ұстағанын” жария қылады. Дін маманы емеспін, бірақ тілге қатысы бар мамандықты оқығасын айтуға қақым бар.
Әлемде 7 151 тіл, 195 тәуелсіз ел бар. Қытай, ағылшын, арап, орыс, испан тілдері кең таралған. Осы жерде тізіп өткен тілдер қалайша “кең таралды?” дейтін сұрақ бар. Біріншісі - жаулап алу, екіншісі - дін арқылы. Жаулап алуды айтпағанда дінмен қоса тілін де сіңіріп, ұмытылып кеткен тіл көп.
Қазақ тілінде арабизм, парсизм, русизм жетеді. Ең көбі - арабизм. Сөздігінде 600 мың сөз бар қазақ тілінде 3 мыңдай арабизм бар.
Арап тілі қазаққа дінмен сіңді. Себебі баяғыда оқыған адам деп дінді жақсы білетінді айтқан.

Тіл үшін жексұрын болып көріну, “токсик” болу ұят емес. Ең ұяттысы қазақ тілінде баламасы, аудармасы бола тұра басқа тілде сөзді “ұялмай” айту!
Кейде қарсы аргумент айтуға тырысып, “қазақ тілінде арап тілінен енген сөз көп. Оларды өзгерте алмайсың. Мектеп, дәптер, қалам, үкімет сөздері бар ғой” дейді. Рас. Бар!
Меніңше бұрынғы уақытта “мектеп”, “дәптер” т.б сөздің қазақ яки түркі тілінде атауы болып, кейін діннің әсерінен ұмыт болып кеткен сияқты. Қазақ тілі - жуан дауысты дыбыс көп тіл. Өзбек тілі секілді майда, жұмсақ емес. Рух беретін, айтуға энергия жұмсайтын тіл.

Тоқетері,
Тіл - ортақ дүние. Тірі ағза.
Дін ұстан, техника маманы бол, басқа бол. Өзің біл.
Тек тілді бүлдірме!
Шала сауатты журналиспен блогерлердің “барлықтарымен” алысып жүргенде, “ифтарлатып” етекке оралмаған жақсы.

#жәкеңніңжазбасы
12 viewsDana Dosmaganbet, 08:55
Ашу / Түсініктеме
2023-04-02 01:47:55 бұл мүлдем әлектікке жатпайды ғой, неғып үйстіп бірнәрсені шығарып алып жүред
13 viewsDana Dosmaganbet, edited  22:47
Ашу / Түсініктеме
2023-04-02 01:47:18 Рамазан айында өз нәпсісімен күресу керек болған адамдар, “ифтар емес ауызашар, сухур емес сәресі….” деп әлі де араб тілімен күресіп әлек.
14 viewsDana Dosmaganbet, 22:47
Ашу / Түсініктеме
2023-03-31 22:21:45 сәуір болмай жауын болмас, жауын болмай тәуір болмас

наурыз айын сәтті аяқтаған секілдіміз, тек 1-2 оқиғалар болмаса көңіл-күйді құртқан, келесі ай барынша позитивке толы болсын деп тіледім
13 viewsDana Dosmaganbet, edited  19:21
Ашу / Түсініктеме
2023-03-31 13:31:54 терлеп предзащита тапсырдым, өттім
13 viewsDana Dosmaganbet, 10:31
Ашу / Түсініктеме
2023-03-31 10:21:14 Бірнеше күн бұрын Болаттың тоқалы сұхбат берді. Ел ішінде қызу талқыланды. Оның ішіп шеккені, Қайрат Нұртасұа көмектескені, Шымкенттің бұрынғы әкімімен төсектес болғаны туралы әңгіме.

Кеше екі журналист әнұранға тұрмағаны үшін шу болып жатыр еді. Барлығы оларды жерден алып жерге салды.

Бүгін Қызылжарда бір топ "белсенділер" өз егемендігін жариялапты. Орыстар болса керек.

Бұл үш жаңалықтың негізгі түбірі бір деп ойлаймын.

Біздің елде шоқты шоқпен басу деген теория қатты жұмыс істейді.

Яғни ел ішінде наразылық тудыратын бір толқын пайда болып келе жатса көңіл аударатын басқа бірдеңе шыға келеді.

Елдің бәрі соны талқылауға кеткен кезде негізгі мәселе ескіріп ұмыт бола бастайды.

Осы аптада қатарынан неге үш шулы ақпарат шықты деп ойлайсыз?

Әрине, әділетсіз сайлау. Халықтың көңіл күйін алдаусырату үшін шығып жатқан ақпараттар.

Ел тойға айланғанда қасқыр қойға айланадының кебі.

Бұл әр саяси өзгеріс кезінде болатын дүние. Жер мәселемі кезінде де, президент сайлауы кезінде де билік осы тактиканы қолданды.

Біз алаңғасармыз. Аузымыз аңырып, тоқалдың сандырағына, қолдан жасалған пропагандаға аузымыздың суы құрып негізні мәселені ұмыта саламыз.

Солай, Джони
12 viewsDana Dosmaganbet, 07:21
Ашу / Түсініктеме
2023-03-29 23:40:16 дін - өте нәзік дүние.
ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің.
5 viewsDana Dosmaganbet, 20:40
Ашу / Түсініктеме
2023-03-26 17:20:53 chat gpt - ге мың алғыс
8 viewsDana Dosmaganbet, 14:20
Ашу / Түсініктеме