Get Mystery Box with random crypto!

Мені кім құтқарды? Бүгін күн морально ауыр басталды. Түнде дұ | LOOK RIGHT

Мені кім құтқарды?

Бүгін күн морально ауыр басталды. Түнде дұрыс ұйықтай алмадым. Дедлайндар. Бүгінге бітіретін жоспарлар көп.

Мүмкін сабақтан кейін демалып алармын деп едім, сабақ уақытынан кеш аяқталды.

Бір оқушыларға өтетін сабағым бар. Шаршап тұрмын деп бармай қалсам? Бірақ уәде беріп қойғанмын.

Уәдем үшін үйден шықтым. Жол 1 сағат уақыт алады екен. Бұл зат одан сайын эмоционалды ауырлық жасады.

Бітті. Үйге қарай тағы да 1 сағат.

20:47. Трамвай. Үйге 3-4 аялдама қалған кезде ішке жолаушылардың билетін тексеруші кірді.

Айлық проезднойды көрсеттім. Құрылғысымен тексерді де:
- Кешіріңіз, картаңыздың уақыты кеше бітіп қалыпты.
- Қойыңыз, мен тексергенмін, негізі ертең біту керек,
- деп телефонымның блокировкасын ашып жатырмын.
- Мына азаматтың билеті жоқ екен,-деді әріптесіне. Бірақ ол естімей қалғандай болды.

Банк бағдарламасына кіріп қашан төлем жасағанымды тексерейін деп жатыр едім:
- Жарайды, уақытын ұзартып алыңыз,- деп әріптесінің қасына барды.
- Жаңа маған сөйледің бе? Біреуде билет жоқ па?
- Жо, жоқ, барлығы дұрыс. Құрылғым жасамай тұр екен.

Тағы да тексерсем, шынымен кеше бітіп қалған.

Мен аң-таң. Европада мұндайды кездестіру мүмкін емес. Не жағдай болса да кешірім жоқ.

Ойымда тек уәде мен пайдалы болу үшін ғана барғаным тұр.

Мені кім құтқарды немесе Кім құтқарды?

Құдыреті барлығынан үстем.