Get Mystery Box with random crypto!

Өз дініне шақырған досым 1. Осы курста жалпы математикадан da | LOOK RIGHT

Өз дініне шақырған досым 1.

Осы курста жалпы математикадан data science-қа таңдауымды жасадым. Бұл шешім өміріме көп өзгерістер әкелді. Соның ішінде жаңа таныстар.

Оқу жылы басында аптаның 4-5 күні przesteń pełna czasu деген коворкинг центрде өтіп жүрді.

Матчты футболға қызығатындармен қараған ерекше болатыны секілді, жасайтын затқа байланысты жаңа атмосфералар көп іздеймін.

Ол центрде көп программисттер отырады. Яғни мен қалағандай атмосфера. Бір жағынан мүмкін жаңа таныстар тауып қалармын деп барып жүрмін.

Сондай күндердің бірі. Кофе ішуге арналған орындар бар еді. Адам көп, отыратын бос орын қалмаған. Дәл алдыма бір бала анасымен келді. Қолдарында тәттілері мен кофелері бар.

Ойымда ешнәрсе жоқ, бар полякшаммен: «Отырасыздар ма? Мен ішіп болдым»,-деп отырған орнымды ұсындым. Басында керек емес деді де, кейін рақметтерін айтып отырды.

Заттарымды жинап жатырған едім, ноутбугіме қарап:
- Не оқып жатырсың?
- Сабағым ғой.
- Қандай мамандықта оқисың?
- Data science.
- О, мен де data scientist-пін ғой.
- Шын ба?
- Иә. Қай жерге барып отырасың? Бара бер. Қазір кофемді қойып, қасыңа барамын
,-деді.

Ислам мен қазақилықтан алған тәрбие дәл қазіргі сәтте маған керек адаммен танысуға себеп болды ғой деп күлімдеп бос партаға барып отырдым.

(жалғасы бар)