Get Mystery Box with random crypto!

ЖАҢА СЫН-ҚАТЕРЛЕР: БИЗНЕС, ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ⠀ Ци | Digital Rights & Freedoms Landscape (drfl.kz)

ЖАҢА СЫН-ҚАТЕРЛЕР: БИЗНЕС, ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Цифрлы құқықтар саласында жаңа сын-қатерлердің ерекшелігі интернетте өз қызметтерін пайдаланушылар үшін өз ережелерін қалыптастыратын ірі халықаралық IT-корпорациялардың басым болуымен байланысты. Әлемдік цифрлы ортадағы мемлекеттің күші айтарлықтай шектеулі, өйткені елдер және олардың ресми өкілдері виртуалды платформалардың пайдаланушылары болып табылады және олар көбінесе жалпы ережелерге бағынады.

Цифрлы құқықтар тұрғысынан адам құқықтарының толық жиынтығы туралы айтылып отыр, соның ішінде:
● ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторлары арқылы Интернетке қол жеткізу;
● іздеу жүйелері, браузерлер, әлеуметтік желілер, сайттар, блог-платформалар, мессенджерлер арқылы ақпаратқа қол жеткізу және тарату, сөз бен пікір білдіру бостандығы;
● құпиялылық құқығы және киберқауіпсіздік саласындағы өнімдер арқылы жеке деректерді қорғау, мысалы, антивирустар, анонимдік қауіпсіздік қызметтері, пароль менеджерлері;
● ресми цифрлы мемлекеттік ресурстар, электрондық демократия және қатысу жүйелері арқылы мемлекеттік істерді басқаруға қатысу құқығы;
● тіпті қозғалыс бостандығы желілік (цифрлы) сәйкестігін сақтау орнын таңдау және физикалық тұрғыда бүкіл әлемде бар қызметтер арасында деректерді жіберу бостандығы ретінде қарастыруға болады.

Халықаралық стандарттар

Бизнес және адам құқықтары бағытындағы алғашқы құжаттардың бірі деп, 2000 жылғы 26 шілдедегі «БҰҰ Жаһандық шартын» санауға болады, ол корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы ірі бастама болып табылады және адам құқықтарын, еңбек қатынастарын, қоршаған ортаны қорғау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қамтитын 10 негізгі қағидаттан тұрады. Келісім - шарт аясында бизнес және адам құқықтары бойынша нұсқаулықтар, саясаттар және білім беру материалдары әзірленіп, таратылады.

Ұлттық құқық нормалары

Қазақстанда бизнестің адам құқықтары саласындағы міндеттемелері бойынша бейінді нормативтік құқықтық актілер (НҚА) жоқ, бірақ мемлекет адам құқықтары саласындағы халықаралық құжаттарды мойындады және адам құқықтарымен, әсіресе цифрландыру және жаңа технологиялар саласындағы бизнес қызметін тікелей немесе жанама түрде реттейтін ұлттық нормалар бар.

Қазақстанда 2020 жылға арналған бизнес және адам құқықтары жөніндегі ережесі

2020 жылдың сәуір айының соңында ҚР ЦДИАӨМ деректеріне сәйкес елімізде «интернетті пайдаланушылар саны 18 миллион жалпы халқының 84,2% - ын құрайды». DataReportal халықаралық порталының деректері бойынша 2020 жылғы қаңтарға Қазақстанда 14,73 миллион (18 миллион адам халқының 81,8%) интернет-пайдаланушылар болды, оның ішінде 9,5 миллион (интернет-пайдаланушылар санының 64,5%) әлеуметтік желілерді пайдаланады.

Статистика бойынша ел халқының көп бөлігі Интернет пен әлеуметтік желілерді пайдаланады. Цифрлы ортада болу және күн сайын әртүрлі цифрлы қызметтерді пайдалану, IT-компаниялардың өнімдері арқылы ақпарат алып және алмаса отырып, адам құқықтарының толық спектрінің әртүрлі бұзылуларына кезігуі мүмкін.

report2020.drfl.kz