Get Mystery Box with random crypto!

​​ Қазақстанның Facebook-пен келісімінің «эксклюзивтілігі» не | Digital Rights & Freedoms Landscape (drfl.kz)

​​ Қазақстанның Facebook-пен келісімінің «эксклюзивтілігі» неде және ол интернет бостандығына қалай әсер етеді?

1 қарашада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (АҚДМ) өз сайтында Facebook-пен бірлескен мәлімдеме жариялады, онда тараптар интернеттегі балалардың құқықтарын қорғауға баса назар аудара отырып, зиянды контентке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық туралы келісімге келді деп хабарлайды.

Мәлімдемеге сәйкес, Facebook қазақстандық мемлекеттік органға өзінің ішкі «Контент туралы хабарлама жүйесіне» «тікелей эксклюзивті» рұқсат берді, бұл АҚДМ-ға Facebook-тің жаһандық контенттік саясатының да, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасының да бұзушылықтары бар материалдар туралы жедел хабарлауға мүмкіндік беруі тиіс.
Дегенмен, министрліктің қандай «эксклюзивті» қол жетімділігі туралы айтқаны нақты емес. Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан үшін CRS-ке қол жеткізу басқа елдердегідей болады. АҚДМ Facebook-тегі контентті өздігінен жоя алмайды, тек шағымдарды жедел қарау үшін жібере алады.

Бүгін біз АҚДМ және Meta-ның өзара әрекеттесуі контент және адам құқықтарына қалай ықпал ететінін анықтайтын боламыз.

Ретсіз бұғаттаулар
Ұлттық заңнамада «терроризм мен экстремизмді насихаттау», «порнографиялық материалдарды тарату», «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру», «бала денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратты тарату» және т.б. өте нақты емес құқық бұзушылықтар болғандықтан, интернеттегі кез келген контентті осы құқық бұзушылықтарға кіргізуге болады. Мысалы, Беларусьтегі брест балмұздақ зауытының сайтын порнографияны тарату негізінде бұғаттау, GTA V ойынына байланысты DLC Diamond Casino & Resort туралы мақаласы үшін PlayGround ойын сайтын заңсыз онлайн-казино қызметі негізінде бұғаттау жағдайларын еске түсіреміз. Meta-ның осындай жағдайларды қарастыруы мен оң шешім қабылдауын уақыт көрсетін болады.

Желідегі балалардың қауіпсіздігіне кім жауап береді?
«Баланың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратты тарату» негізі бойынша контентті шектеу Қазақстандағы интернет-кеңістікке теріс әсер етеді. Біздің соңғы жарияланымымызда бұл құқық бұзушылық желідегі контентті шектеудің ең танымал 3 себебінің бірі болып табылады. Мәселен, 2021 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін осы негіз бойынша 2345 материал немесе барлық тыйым салынған материалдардың жалпы санының 19,33%-ы шектелді.АҚДМ мен Facebook-тің бірлескен мәлімдемесінде интернеттегі балалардың құқықтарын қорғауға баса назар аудара отырып, тығыз ынтымақтастық туралы айтылғанын ескере отырып, әлеуметтік желідегі контентке көптеген шектеулер күтуге болады.

Тыйым салынған жарияланымдар мен аккаунттардың жағдайы қандай?
Тыйым салынған сайттарының тізілімінде Facebook және
Instagram-дағы жарияланымдар да бар. Қазақстанда тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымына сілтемелер мен оның басшысының жеке аккаунтынан басқа, тізілімде жекелеген қазақстандықтардың посттарына сілтемелер бар, мысалы, Ayan Sharipbayev пайдаланушысының «ADAM» журналы туралы естеліктерді жариялау, Алматы қаласының бұрынғы әкімінің жұбайы Лейла Храпунованың жеке аккаунты, @zta_kz лақап атымен қолданушының инстаграм блогы, @islamtoday лақап атымен қолданушының діни блогы. Бұл жағдайда АҚДМ не істей алады? Бұл сілтемелерді жою үшін Meta-ға сұрау жіберу мүмкіндігін пайдалана ма, және Meta бұған қалай жауап береді?

Алдыңғы тармақты ескере отырып, АҚДМ әрекеттері Facebook қауымдастығының сөз бостандығы мен өз ойынын білдіретін нормаларына қалай сәйкес келеді? Facebook хабарлауы бойынша: «Қауымдастық нормаларының мақсаты — өз пікірін еркін білдіру үшін платформа құру. Facebook пайдаланушыларға, кейбір адамдар кез келген пікірмен келіспесе немесе оларды даулы деп тапса да, олар үшін маңызды мәселелер туралы айтуға еркіндік бергісі келеді».

Қорытындылай келе
Meta Қазақстанның сұранысы бойынша контентті шектеуі мүмкін, бірақ негізінен өзінің ережелері мен нормаларына сүйенеді. Қазақстанның барлық сұраныстарын компания қанағаттандыра алмауы мүмкін
https://drfl.kz/kk/qazaqstan-facebook-kelisim/