Get Mystery Box with random crypto!

ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАР 2013 жылдың 21 мамырында Қазақстанда «де | Digital Rights & Freedoms Landscape (drfl.kz)

ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАР

2013 жылдың 21 мамырында Қазақстанда «дербес деректер және оларды қорғау» заңы қабылданды.
Бұл заңның басты мақсаты – «жеке деректерді жинау және өңдеу кезінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету».

Дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды құру GDPR талаптарына сәйкестікке қарай күтілетін қозғалыс жолындағы алғашқы қадам болды.

Зерттеу көрсеткендей, азаматтар VPN қызметтерін жеке деректерді кибер алаяқтардан қорғау үшін емес, мемлекеттік бақылау мен тыңдаудан қорғау үшін пайдаланады.

Агенттіктің қызметі азаматтарға олардың деректерімен іс-әрекеттер туралы хабарлауға мүмкіндік береді деп күту қисынды. Алайда, бұл мемлекеттік органдар мен азаматтар арасында сенім болмаған қазіргі жағдайда екіталай болып көрінеді.

Сонымен қатар, бір жағынан бейнеманиторингті, бет-әлпетті тану жүйелерін, биометрияларды енгізу арқылы ауқымды цифрландыруды назарға ала отыру. Сондай - ақ 2019 жылы ОСК мен Бас прокуратураның деректер базасынан деректердің тарап кетуі -екінші жағынан, мемлекеттің дербес деректерді қорғаудың қандай кепілдіктерін бере алатынын және оның онлайн және оффлайн ортада адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау бойынша өзіне алған халықаралық міндеттемелерді қалай сақтайтынын түсіну өте маңызды.