2023-05-10 08:29:26
Пропаганданың құбылған бейнесі. ҚазССР туымен марш өткізген жастар өздерін “марксист” атайды
Алматы көшесінде бір топ жасөспірім КСРО-ға тән жалауларды желбіретіп, коммунистік кезеңнің символдарымен жарқырата шеру өткізді
Олар журналистің қазақша қойған сауалын о баста түсіне алмағаны байқатты. Кейіннен портал журналисіне топтың ішіндегі әскер киім киген жасөспірім азамат жауап береді.
Жастар Алматыдағы «алабөтен» шерудің мақсатын ол былай түсіндіреді:
— Шерудің мақсаты — Жеңіс күнін еске алу. Өзіміз жиналдық. — Көріп тұрғандарыңыздай, біздің қолымызда Ресей Федерациясының туы жоқ. Бұл — Жеңістің және ҚазАССР-дың байрағы.
Сонымен қатар, журналист сауалдарына жауап беріп тұрған жастар өздерін «марксист» атап, әрекетінен еш сөкеттік көрмейтінін танытады.
110 views05:29