Get Mystery Box with random crypto!

ӨҢІРЛЕРДІҢ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ:ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА | ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

ӨҢІРЛЕРДІҢ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ:ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНДА МСАК ДЕҢГЕЙІНДЕГІ КӨПБЕЙІНДІ КОМАНДАЛАРДЫ ЕНГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ
174 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының (КАА) базасында Алматы облысының үздік тәжірибелер орталығын енгізу медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде жүйелі трансформацияны іске қосуға мүмкіндік берді.

Еңбекшіқазақ КАА Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы МСАК қызметтерін көрсетудің биомедициналық моделін қарқынды қайта құру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында демонстрациялық платформа ретінде айқындалған, әрі ол тек дәрігерге ғана емес, МСАК көп бейінді командаларының негізінде анағұрлым тұтас тәсілге бағдарланған.

Мәселен, ауруханада терапиялық және педиатриялық бейіндегі учаскелік қызметтің орнына отбасылық учаскелік командалар құрылды, оларға отбасылық дәрігер/жалпы практика дәрігері және функциялары кеңейтілген үш отбасылық медбике, сондай-ақ әлеуметтік қызметкер мен психолог кіреді.

КАА бас дәрігері Жәмила Әбеуованың айтуынша, мұндай рөлдердің ұтымды бөлінуі медбикелерге/аға медбикелерге, әлеуметтік қызметкерлерге, психологтарға команданың барлық мүшелерінің қызмет көрсету көлемінің ұлғаюымен үлкен дербестік береді.

Сондай-ақ аурухана жұмысындағы өзгерістердің бірі 2019 жылы жобалық басқаруды енгізу және сапаны жалпы басқару (TQM) философиясының негіздерін пайдалану болды. DMAIC (define, measure, analyze, improve, control) сапаны басқару құралы енгізілді, яғни медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты барлық проблемалық мәселелер қаралады, талқыланады, талданады және одан әрі жақсарту жөніндегі жобалар құрылады.

Жоғарыда аталған барлық шаралар МСАК қызметтерінің сапасына оң әсер етеді. Мәселен, арнайы мамандардың шалғай аудандарға шығуы қамтамасыз етілді, зертхана жұмысы орталықтандырылды, пациентті маршруттау ұйымдастырылды, пациенттерді қолдау қызметі үйлесімді жұмыс істеуде, учаскелік қызметтің қашықтықтан консультациялары тиімді жұмыс істеуде.

Осының арқасында Еңбекшіқазақ ауруханасында соңғы үш жыл ішінде пациенттерден негізделген шағымдар тіркелген жоқ. Бұл ретте келіп түскен өтініштер саны әлеуметтік қызметкерлерге, мейіргерлерге 10 еседен асты, отбасылық дәрігерлерге 2021 жыл, 2019 жылмен салыстырғанда 40% - ға көтерілді. Ал арнайы мамандарға жүгінулер саны 2019 және 2021 жылмен салыстырғанда 12,6% - ға төмендеді.