Get Mystery Box with random crypto!

Расында...   Қағазға түспеген не түрлі өлең бар, Менің бұл бас | Dei saldym

Расында...  
Қағазға түспеген не түрлі өлең бар,
Менің бұл басымда.

Еліктемедім мен,
Мұқағалиға, Қасымға.
Өзімнің хақымда,  
Ұқсағым келмеуі  
Қазан-ошақтан аспайтын ақынға.  

Ойларда, қырларда билемей, Салмақты ойымды жеңілтек тірлікпен сүйремей.  
Думанда, тойларда бірталай,
Тәп-тәуір әнімді шырқамай. Жүргенім- менің бір білгенім:
Тән емес, ой билеп тұрғасын, Қарайсың, қазақта бір Абай, бір Қасым.
Бір ұлы кәрілік бар шығар ағзамда:  
Қартаймас күш бар ма?
Мұқаңда, Мағжанда...  

Поэзия береді көңілдің сұлбасын!  
Жан іздеп ойлары ойына шақ келер,  
Сөз болып, жыр тастар. Жақсылар бір-бірін ағалап-әпкелер.  
Жақсы ақындар-құрдастар!

Салтанат Қайырбек