Get Mystery Box with random crypto!

5-6 сынып оқушыларына жалпы білім беретін пәндер бойынша респу | DARYN RSPC

5-6 сынып оқушыларына жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды.

Олимпиаданың республикалық кезеңі «Оқулық» онлайн платформасында «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» ережесімен өтуде.

Бекітілген кестеге сәйкес олимпиадаға еліміздің барлық өңірінен 363 оқушы қатысып жатыр.

Олимпиада 8 пән бойынша (математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқитын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы) тест жүзінде өтеді, сұрақтар 3 деңгейге бөлінген, жалпы максималды ұпай: 50 ұпай.

YouTube арналарында олимпиаданың бейнежазбасы мен тікелей көрсетілімі жүргізілуде.