Get Mystery Box with random crypto!

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния | DARYN RSPC

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында өтті.

20 елден келген 80 команда FIRST LEGO League категориясында бақ сынасып, «Энергия» тақырыбы бойынша өз инновациялық жобаларын қорғады.

Бұл додадаға Қазақстан атынан Алматыдағы High Tech Academy мектебі мен Қарағандыдағы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары қатысты.

Үздік инновациялық жоба номинациясында High Tech Academy атынан барған Arturli командасы жеңіске жетті. Олардың инновациялық жобалары энергияны үй шаруашылығында сақтау және қолданудың революциялық тәсіліне негізделген.

Еске сала кетейік, мектеп оқушылары ақпан айының соңында Оқу-Ағарту министрлігінің "Дарын" РҒПО қолдауымен өткен FIRST Central Asia Орталық Азия ойындарында Western Edge Open чемпионатына қатысуға лицензия алған болатын.