Get Mystery Box with random crypto!

2019 жылы бір футболисттің некесін қиғанмын Қызылордада. Қыран | Dark-Light🌓

2019 жылы бір футболисттің некесін қиғанмын Қызылордада. Қыран деген команда ойыншысы тұғын сол кезде. Сол жігітті осы жақында көріп қалдым. Өзім келіп амандаспасам мені точно танымай қалатынын білдім. Сөйтіп біраз әңгімелесіп қалдық.

Некенің барысында келіншегі:

Мәһірге не қалайсыз соны айта қойыңыз! дегенімде ұялып кітап деп айтқан. Сосын мен ол құнды болуы керек ұялмай айтуыңыз керек дегенімде, маркасы есімде жоқ бір фотоаппарат қалайтынын айтқан. Күйеуінің айтуы бойынша сол фотоаппаратты алғаннан кейін келіншегінің шабыты ашылып, керемет кадрлар жасап, ары қарай дамып, қазір өзінің фотостудиясын ашқан екен. "Келіншегімнің армандары орындалуына сол кездегі сіздің "ұялмай айтыңыз" деген бір ауыз сөзіңіздің үлесі де орасан зор болып тұр" деп күйеуі рақметін айтқанда қатты мәз болып қалдым.

#прикольноприкольно