Get Mystery Box with random crypto!

eGOV арқылы басқа емханаға тіркелгеннен кейін Damumed қосымшас | Damumed

eGOV арқылы басқа емханаға тіркелгеннен кейін Damumed қосымшасында деректер жаңартылмаса не істеу керек?

Қандай да бір емханаға тіркелу жөніндегі деректер сіздің медкартаңызда автоматты түрде жаңартылады.

Егер деректер жаңартылмаса, демек сіздің өтініміңіз әлі мақұлданған жоқ. Өтінім мәртебесін eGOV сайтынан немесе порталдың мобильді нұсқасынан тексере аласыз.

Егер өтінімнің мәртебесі «Бекітілген» болса, ал медкартада деректер жаңартылмаса, онда сіз келесі қызметтерге хабарласыңыз:
1414 нөмірі бойынша eGOV қолдау қызметіне;
+7 775 007 03 50 нөмірі бойынша біздің тәуліктік қолдау қызметіне.

Толығырақ ақпарат жоғарыдағы бейне нұсқауда