Get Mystery Box with random crypto!

Damumed-тегі жаңа қызмет – Пациенттерге қолдау көрсету қызметі | Damumed

Damumed-тегі жаңа қызмет – Пациенттерге қолдау көрсету қызметі.

Енді біз техникалық проблемаларды ғана емес, ұйымдастыру мәселелерін де шешуге көмектесеміз. Яғни, емханалар тарапынан туындайтын мәселелерді шешеміз.

Әрине, IT-компания ретінде, медициналық ұйымдардың қатысуынсыз пайдаланушылардың кейбір өтініштеріне жауап беруге біздің құзіреттілігіміз пен өкілеттілігіміз әрқашан бола бермейді. Сондықтан біз емханалардың Қолдау қызметіне немесе тіркеу бөліміне хабарласып, сіздердің мәселелеріңізді бірлесіп шешеміз.

Қандай да бір техникалық сұрақтарыңыз немесе мәселелеріңіз болса, +7 775 007 03 50 телефоны бойынша біздің Қолдау қызметіне хабарласыңыз. Пациенттерді қолдау қызметінің операторлары қабылдауға өздігінен жазылуға кестенің болмауы, жалған қабылдаулар және т.б. өтінімдерді өңдейді.

Біз пайдаланушыларымызға күнделікті және тәулік бойы консультациялық қолдау көрсетеміз.