Get Mystery Box with random crypto!

Баклажанчиктер.... Ливанды билеген Шиһаб әулетінен тараған ә | Narkes ustaz🌒

Баклажанчиктер....

Ливанды билеген Шиһаб әулетінен тараған әйгілі әміршілердің бірі Бәшир II әш-Шиһаби (1767-1850) болатын. Әмірші бір күні жанында тұрған қызметшісіне қарап былай дейді.
-«Бүгін «баклажан» жеуге көңілім соғып тұр».
-«Баклажан деймісіз! Алла баклажанға береке берсін! Ол тамақтың төресі ғой. Ол дегеніңіз майсыз ет емес пе?! Қылтанақсыз балық емес пе?! Қуырып та жеуге болады. Отқа қақтап та жеуге болады. Былай да жеуге, олай да жеуге болады» деп сайрай жөнеледі.
Әмірші оның сөзін бөліп: «Бірақ, өткен жолы бір жегенімде ішім ауырып мазам кетті» дейді.
Қызметші: «Баклажанға Алланың лағнеті болсын! Ол асқазанға ауыр, өзі қоқиған, жағымсыз тағам емес пе?!» дейді.
Әмірші таң қалып: «Сен неткен адамсың өзі! Бір нәрсені бір уақыттың ішінде мақтап та тұрсың, жамандап та тұрсың. Мұның қалай?» дейді.
Қызметші: «Мырзам! Мен әміршінің қызметшісімін. Баклажанның қызметшісі емеспін. Әміршімнің дұрыс дегені дұрыс. Бұрыс дегені бұрыс» деген екен.

P/S Баклажанчиктер бұрыннан бар. Бірақ соңғы кездері «баклажанчиктердің» саны көбейіп кеткен секілді)))

Ұстаз Бауыржан Әлиұлы (Алла рахымына алсын)