Get Mystery Box with random crypto!

Атырауда бір жігіт болды. Мешіт саламын деп сбор ашты, жамағат | Narkes ustaz🌒

Атырауда бір жігіт болды. Мешіт саламын деп сбор ашты, жамағаттан еріктілер тобын құрды. Бірақ жеме-жемге келгенде алаяқ болып шықты. Мешітке деп жиналған ақшаны жымқырып кетуге шақ қалды. Сүйтіп абыройдан жұрдай болып діни ортадан көрінбей кеткен еді.

Жақында сол жігітті байқаусыздан телевизордан көрдім. Әлдебір бағдарламада отыр. Сүйтсем, Алматы жаққа барып тағы бір қайырымдылық қорын ашып, адамдарға үй беруге көмектесіп жүр екен. Жанына бір-екі блогерді тартып апты.

Сірә, ол жақта да тегін жүрмесе керек… Анығы Аллаға мәлім.