Get Mystery Box with random crypto!

Намазхан жігіттер! Сіздерге ескертемін, әлеуметтік желіде аса | Narkes ustaz🌒

Намазхан жігіттер! Сіздерге ескертемін, әлеуметтік желіде аса сақ болыңыздар!

1) Авасында белгісіз ухтидің суреті бар әлдебір “орамалды қыз” сізбен жақынырақ танысуға емеурін танытса, елпілдеп кетпеңіздер.

2) Сол сияқты, әлдебір орамалды аккаунт сізге тоқалдыққа ниетім бар, “әлі пәкпін” десе де, төбелерің көкке жетіп қуанбасын.

3) “ибн Сулайман”, “әбу Умар “, “әл-Ханафи” деген секілді түрлі никпен тіркелген белгісіз “мащаАллазнающий” браттың “сақалдың үкімі мынадай”, “ниқабтың үкімі анадай” сынды “ақиқатқа толы” жазбаларына аямай лүпіл басып, астына ішіңіздегі шер мен наланы төгуден сақтаныңыздар!

Себебі, әлгі аккаунттардың артында барлық уақытта шынайы адам отырмайды. Олар (1,2 пункт) сондай қарым-қатынастар арқылы сені зерттеп жүрген “ЖЫН” болуы әбден мүмкін.

Немесе (3 пункт) сол пікірдегі жақтастардың саны мен олардың реакциясын анықтау мақсатында әлдебір орталықтан ашылған фейк аккаунт болуы мүмкін.

Жоғарыдағы жағдайлар маған кездеспеді (деп үміттенем) Бірақ сондай аккаунттардың барын ішім сезеді әрі сенемін.

Әлеуметтік желі тұнған иллюзия. Так что, сақ жүріңіздер!

@apendim