Get Mystery Box with random crypto!

Аударма by Ziyadin

Telegram арнасының логотипі byziyadin — Аударма by Ziyadin А
Telegram арнасының логотипі byziyadin — Аударма by Ziyadin
Арна мекенжайы: @byziyadin
Санаттар: Әдебиет
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 1.01K
Арнадан сипаттама

Әдебиет фанаты жүргізетін әуесқой аударма каналы. Автормен достасу: https://facebook.com/aliziyadin
Байланыс: @aliziyadin

Ratings & Reviews

4.00

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2020-04-08 17:15:30 ГАБРИЕЛ ГАРСИЯ МАРКЕС. АЛЫП ҚАНАТТЫ КӘРІ АДАМ

“Сиқырлы реализм” деген, құпия, ғажайып дүниелердің күнделікті күйбең тірлікпен өріліп берілуі суреттелетін жанр Габриел Гарсия Маркестен қалған.

Бүгін “Алып қанатты кәрі адам” атты әңгімесін аударып ұсынып отырмын.

Игіліктеріңізге.

Айтпақшы, қазақстандық режиссер Қуат Ахметов осы әңгіменің желісі бойынша “Жел-адам” деген фильм түсірген екен.
3.8K views14:15
Ашу / Түсініктеме
2020-04-01 12:05:17 Үйден шықпай, сарылып отқан қауым, амансыздар ма?

«Жақсы болды ғой, карантин кезінде, ой, бір аудармадан аударма жасамасам» деген ойым күл-талқан болғаны рас – жұмыстың жұмысы бұрынғыдан да көбейіп кетті. Сондықтан, сериал қарап, демалып, жүйке тынықтырып жатырмын дейтін замандастарыма қызыға қараймын:)

Әйтсе де, бүгін әңгіме ала келдім.

Мистика, хоррор һәм фентези бағыттарында жазған, әлем әдебиетінің қазіргі кейпінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы авторлардың бірі, АҚШ жазушысы Хауард Филлипс Лавкрафтың «Ескі кітаптағы сурет» дейтін еңбегін аудардым.

Enjoy.

P.S. Иә, үйде болып, оқшаулану ережелерін сақтаңыздар.
3.4K viewsedited  09:05
Ашу / Түсініктеме
2020-02-17 06:40:07 РЕЙ БРЕДБЕРИ. КҮН КҮРКІРЕДІ

Көбелектің қанат қаққаны іркес-тіркес үлкенді-кішілі оқиғаларға әкеліп, ақыры алапат дауыл тудыра алады дегенді естуіңіз бар шығар? Бүгін сіздерге осы тақырыпта жазылған ең әйгілі шығармалардың бірі, Рей Бредберидің "Күн күркіреді" атты әңгімесін әңгімесін ұсынып отырмын.

Америка жазушысы Рей Бредбери бұл шығарманы 1952 жылы жариялапты. Жалпы, бұл автор көпшілікке керек болмай, жетім баланың күйін кешіп қалған фентези һәм ғылыми фантастиканы қайта тірілтті дейді. Бір сол үшін ғана құрметтеуге болады:)

Очм, enjoy. Алып-қосарларыңыз болса, әлеуметтік желілерде күтемін.
2.9K viewsedited  03:40
Ашу / Түсініктеме
2020-01-27 09:15:23 ​Синоптиктер алдағы екі апта бойы ақпарат кеңістігіндегі ауа райы Harry Potter болады деп болжап отыр. Себебі жақын арада Steppe & WORLD Publishing баспасы қазақшаға аударған «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» кітабының таныстырылымы өтеді. Қазір алдын-ала тапсырыс қабылданып жатыр екен.

Бүгін осы кітаптың Baribar.kz сайты бірінші тарауын жариялапты. Сіздермен бөлісе отырайын, себебі аударма деп аталатын ортақ істің бір бөлігі ғой бұл да.

Оқып, ой түйіп, әсер аларсыздар.

Мен қара түнектен, торығу мен жабығудан тұратын Стивен Кингіме оралайын:)
2.7K views06:15
Ашу / Түсініктеме
2019-12-24 07:03:17 "Үмітін гүл, үрейін күл қылып, пәнидің қызығы мен бақидың құзірі арасын жол қылған қымбатты оқырманым" деп әлгі дырау ақын, жалбыр шаш жазушылар сияқты әңгіме бастап кетейін десем, ұялам құрысын

Жә, көптен көрінбей кеттім, оным үшін кешірім өтінемін. "Мен ұрлық қылған түні ай жарық болғанын қарашы" деп әппақ сақалы беліне түскен бір шал айтпақшы, аударма каналын аша қойып едім, қосымша жобалар күрт көбейіп кетті.

Бірақ бүгін құр қол емеспін. Қытайда туған, АҚШ-та ер жетіп, адам болған Кен Лю атты жазушының "Қағаз аңдар қонысы" атты әңгімесін аударып, ұсынып отырмын.

Әсерлі дүние. Бір-екі адамға оқытып едім, сықсыңдап жылап қалды.

Enjoy.

P.S. Телеграфтан Уордпрестегі блогыма қайта оралдым. Әзірге аударма салудың қолайлы жолы осы болып тұр. Сілтеме бәріңізде бірдей жылдам ашылмауы мүмкін, түсіністікпен қарарсыздар. Алдағы уақытта материалдың тез ашылып, жайлы оқылуын қамтамасыз етуге тырысамын.
2.9K viewsedited  04:03
Ашу / Түсініктеме
2019-12-06 09:59:36 РОАЛД ДАЛ. БАС ҚЫЗМЕТШІ

Роалд Дал атты жазушыны көбіміз "Чарли және шоколад фабрикасы" атты еңбегі арқылы білеміз. Бүгін ағылшын юморы, қатаң-қатігездеу әзіл, күтпеген финалдары арқылы танымал осы автордың "Бас қызметші" атты әңгімесін ұсынғым келеді.

Enjoy.
2.4K viewsedited  06:59
Ашу / Түсініктеме
2019-11-26 11:47:01Түскі ас ішіп алсаңыздар, сонау 1954 жылы жазылған мына бір кішкентай фантастикалық әңгімені оқып шығуды ұсынамын. Әлгі сендердің гампұтірлерің мен ғұғылдарың түбі осыған алып келеді, көр де тұр.

ФРЕДРИК БРАУН. ЖАУАП

Дуар Ев қайнаған алтын құйып, соңғы контактіні салтанатты түрмен бекітіп тастады. Бақандай он екі камера мұның әр қимылын бағып, түсіріп, таратып жатыр – трансляцияны бүкіл галактика көріп отырған болатын.

Бойын тіктеді де, Дуар Рейнге қарап, басын изеді. Сосын сәлден кейін бүкіл тізбекті «тірілтетін» қосылғыштың жанына барды. Бұл құрал қыбырлаған адамы бар бүкіл планетадағы, басқаша айтқанда тоқсан алты миллион әлемдегі компьютер атаулының бәрін бір сәтте супержеліге біріктіреді. Ақыры адамзат ғасырлар бойы жинаған, арғы-бергі тарихқа белгілі даналық пен білім-ғылымды бүге-шігесіне дейін игерген суперкомпьютер – біртұтас кибернетикалық машина дүниеге келеді.

Дуар Рейн миллиардаған көрерменге арнап қысқа ғана құттықтау сөзін айтты. Сосын сәл кідірді де:

– Баста, Дуар Ев! – деді.

Дуар Ев қосылғышты басып қалды. Аса жойқын гүжіл естілді. Тоқсан алты миллион планетаның қуаты дүрілдеді. Шет-шегі жоқ ұзын пульт түрлі-түсті шамдарын кезек-кезек ойнатты.

Дуар Ев сәл шегінді де:

– Бірінші сұрақты қою құрметі өзіңізде, Дуар Рейн! – деді.

– Рахмет, - деді Дуар Рейн. – Бұл бірде-бір компьютер жауап бере алмаған сауал болмақ.

Пультке бұрылды.

– Құдай бар ма?

Өктем дауыс көп ойланбады:

– ИӘ. ҚҰДАЙ ЕНДІ БАР!

Күтпеген үрей мен қорқыныш Дуар Евті қысып ала жөнелді. Қосылғышқа тұра ұмтылды.

Қоңырайған бір бұлты жоқ ашық аспаннан кенет найзағай ұрды да, Дуар Евті күйдіріп өтіп, күл қылып, қосылғышқа жабыстыра салды.
2.5K views08:47
Ашу / Түсініктеме
2019-11-23 13:57:23 СТИВЕН КИНГ. ШАЙҚАС

Мына әңгімені алғаш оқығанда түрім әлгі Колин Фаррелл бар мемдегі сияқты болды - "НЕЕЕ??? НЯҒЫЛДИТ! НЕ ДЕП ҚУЫП КЕТТІҢ, СТИВЕН АҒА?"

Бірақ өте қызық болды, қалай "жұтып" қойғанымды сезбедім. Осындай басы жоқ, аяғы жоқ, дымды да түсіндірмейтін, бірақ сипатталып жатқан оқиғалар экшн түрде жүретін шығармалар қатты ұнайды.

Қысқасы, нағыз демалыстық "оқиво", сенбі-жексенбі екеніне қарамастан оқып шығуға уақыт табасыздар деп үміттенемін.

Enjoy.
2.2K views10:57
Ашу / Түсініктеме
2019-11-19 12:35:15 НИЛ ГЕЙМАН. ҚАРТ НИКОЛАС

Әдебиет саласындағы Хьюгосы бар, Ньюбериі бар, әйтеуір толып жатқан жүлде-премияларды қырып алған; "Жұлдыз шаңы", "Америка құдайлары" секілді шығармалардың авторы Нил Гейман деген фантаст жазушының "Қарт Николас" атты шағын әңгімесін оқуды ұсынамын.

Оригинал мәтінде тура 100 сөз бар екен, мен де тура жүз қылдым
1.9K viewsedited  09:35
Ашу / Түсініктеме
2019-11-18 17:48:35 Дүйсенбі ғой, сондықтан Стивен Кинг

Түпнұсқада "Boogeyman", орысша "И пришел Бука" деген атпен белгілі бұл әңгімеге "Бүжәй" деп ат қойып алдым. Өзіме ұнайтыны осы, аударып отырғанда алуан түрлі сезімді бастан кешірдім. Кішкентай баласы барларға әсіресе ерекше әсер етеді деп ойлаймын, бастан өткен.

P.S. Жатарда шкафтың ішін бір тексеріп қойыңыздар
2.0K viewsedited  14:48
Ашу / Түсініктеме