Get Mystery Box with random crypto!

БАЛА ЖАНЫН ЖАДЫРАТАР ЖАЗДЫҚ ЛАГЕР БАСТАЛДЫ Жадырап келген жаз | Burgylau

БАЛА ЖАНЫН ЖАДЫРАТАР ЖАЗДЫҚ ЛАГЕР БАСТАЛДЫ

Жадырап келген жазда оқудан босаған балалардың көбі жаздық лагерлерге баруға асығады. Олардың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері осындай жазғы демалыс лагерлерінен бастау алары сөзсіз. Жайдарлы жаздың шырайын ашатын балалар демалыс лагері жылдағы үрдіске сай қызметкерлердің 7 мен 14 жастағы балаларына еліміздің ең үздік деген лагерлеріне тегін жолдама беріп, пайдалы әрі танымды демалыс ұйымдастыру үшін Бұрғылау мекемесі бар мүмкіндіктерді қарастыруда.

Қазіргі уақытта балалар Алматыдағы "Айналайын", "Bala land" және «Ақбұлақ», Қапшағайдағы "Балдаурен", Шымкенттегі "Гавайи", Көкшетаудағы «Балдаурен», сонымен қатар Жаңаөзен қаласындағы «Ақбөбек Кендірлі» лагерлерінде демалуда. Лагердегі демалыс уақыттары 10 күнді қамтиды. Аталған сауықтыру орындарында балалардың толыққанды демалуы үшін жан-жақты жағдай қарастырылған. Басты назарда – балалардың қауіпсіздігі, осыған орай компания тарапынан жеткізуші, қабылдаушы, бақылаушы білікті мамандары жұмылдырылған.

Балалардың демалуы мен сауықтырылуын қамтамасыз ету мақсатында Бұрғылау тарапынан ұйымдастырылған лагерлерге жаз айы басталғалы балалар жазғы демалыстарын тиімді өткізіп, жаңа серпінмен оралуда. Лагерлер бассейнмен, заманауи спорт және ойын алаңдарымен, өнер орталықтарымен қамтылған. Жеткіншектерге арнап спорттық және шығармашылық үйірмелер жұмыс істейді. Сондай-ақ, түрлі байқаулар, фестивальдар, серуендер мен экскурсиялар ұйымдастырылып, балалардың әрбір күнін естен кетпес қызықты да пайдалы етіп өткізу үшін барлық жағдайлар жасалған.

Балалар лагері – кез келген баланың бойындағы қабілеттерін ашуға, денсаулығын жақсартуына, өзін көрсетуге, жаңа достармен танысуға, спорт және өнерге талпынуына, көпшілік ортада өзін өзі ұстауына, таза ауада серуендеуіне берілетін мүмкіндіктері көп. Әлі тамыз айының соңына дейін жалғасын тауып кезең-кезеңмен лагерлерге жолданатын балалардың жақсы демалып келуі үшін ұжым тарапынан арнайы білікті мамандар қызметтерін үлкен жауапкершілікпен орындауда.