Get Mystery Box with random crypto!

#құттықтаймыз БҰРҒЫЛАУ МЕКЕМЕСІНДЕ АМАЛ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ Ж | Burgylau

#құттықтаймыз

БҰРҒЫЛАУ МЕКЕМЕСІНДЕ АМАЛ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Жылдағы үрдіс бойынша таң сібірлеп атысымен 14 наурыз Амал күні  "KazPetroDrilling” АҚ вице президенті Қайырбек Елеусінов пен "Бұрғылау" ЖШС бас директоры Қанат Ермекұлы, мекеме орынбасарларымен бірге кәсіпорын автобекетінде қызметкерлермен көрісіп, Амал мерекесімен құттықтады. Мерекеге орай жыл сайынғы дәстүр бойынша автобекетте дастархан жайылып, қызметкерлер ұлттық тағам бауырсақ пен шұбаттан ауыз тиді. «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп көрісіп, мауқын басып», -деп хакім Абай жырлағандай тіршілік бастауы көктемнің осынау мерейлі мерекесінде барлық цехтар мен бөлімдерде дастарқан жайылып бір-бірімен құшақ жая көрісіп, шынайы жүректен ақ тілектер ақтарылып мерекенің шырайын ашты.

Сонымен қатар Бұрғылау ұжымы саналы ғұмырларында тынымсыз еңбектерімен елді мекеніміздің негізін салуға жол ашқан Қызылсай ауылындағы ардагерлерімізге көрісіп, сый-құрмет көрсетіп баталарын алды. Тоқсан жастың төріне шыққан ардагерлеріміз еңбек жолдарын еске алып, ұлағатты әңгімелерін өрбітіп, мерекемен құттықтап келгендерге зор ризашылықтарын білдірді.

Амал - Қазақ халқының ежелден келе жатқан мерекелерінің бірі. Бұл – күн мен түннің теңелген тұсында, қыстың бейнеті мен қиындығынан аман-есен шығып, халықтың Наурыз мейрамы алдында мәре-сәре болатын күндерінің бірі. Амал – қол алысып, көрісумен ғана өлшенбейді. Бұл күні адамдар арасындағы бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, жақын жандар бір-біріне амандық-саулық тілеседі. Көрісу – ағайын мен туыс арасындағы байланысты бектітетін тамаша дәстүр.